Мектептер, Балабақша, ҰБТ-2023.29-шы қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 ноября, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!👇🏻

1️⃣ Қазақстанның 5 өңірінде мектептер мен колледждердегі сабақтар ауа райына байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Температураның төмендеуіне байланысты 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде бірінші ауысымның сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Атап айтқанда, Өскеменде, сондай-ақ Алтай, Тарбағатай, Ұлан, Глубокое, Самар, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан және Күршім аудандарында 0-11 сыныптар мектепке бармайды.
Ал Риддерде 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Қызылордада да қолайсыз ауа райына және қатты желге байланысты 0-4 сынып оқушылары онлайн білім алады.

Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары үйде қалды.

Павлодарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-сыныптан 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Абай облысында 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн оқитын болды

Ал сен қай өңірденсің? 🤔

2️⃣ Еліміздегі балабақшаларда бірнеше жүз мың бала енді тегін тамақтана алады.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшада тегін тамақ кімдерге берілетінін түсіндірді.

«Қазіргі уақытта бізде балабақша кезегіне тұрмаған бірнеше жүз мың бала бар. Олар неге кезекке тұрмайды? Кезекке тұрмағаннан кейін, балабақшаға бармайды деген сөз. Бізде балабақшалар негізі ақысыз. Бірақ тамаққа ата-аналар өздері төлейді. Оның сомасы әртүрлі. Біздің қиын жағдайдағы, аз қамтылған отбасылар осы қаражатты таба алмайтынын, балабақшада балалалары тамақтанатын ақша жоқ екенін айтып, кезекке де қоймай отыр. Соған байланысты ол балалардың мектепке дайындық, денсаулық, жақсы тамақтану мәселелеріне үлкен кері әсерін тигізіп отыр», — деді министр.

Ведомство басшысы бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясныда қолға алынатынын еске салды.
«Сәйкесінше осындай отбасылар анықталып, сол балаларға мемлекеттік бюджеттен арнайы қаражат беріліп, тамақтану мәселесі де оларға тегін болады. Сонда бізде бірнеше жүз мың бала балабақшаларға барып, жақсы тамақтанып, денсаулығына да, оқу үлгеріміне де өте тиімді болады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Бұдан былай көптеген бала жақсы тамақтанып, денсаулығына да, оқу үлгеріміне де өте тиімді болады. 👍👍👍

3️⃣ Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-2023 жаңалықтарымен таныстыру мақсатында Алматыда тегін байқау сынақтары ұйымдастырылды.

«Байқау сынағын өткізу негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді болды. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен де танысты», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар конференция аясында ҰТО басшысы алматылық оқушылармен кездесіп, ҰБТ-2023 өзгерістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шараға 2 500 астам жоғары сынып оқушысы қатысты. Сен тапсырдың ба? ☝🏻