Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Отбасы банкі жаңа ипотекалық бағдарлама әзірлеп жатыр.
«9-20-25″ бағдарламасы – бұл тұрғын үй бағдарламасының ықтимал нұсқасы. Банк сарапшылары тиісті есептеулер жүргізіп, шарттарды талдайды. Егер жоба бекітілсе, Отбасы банкі қазақстандықтарды қосымша хабардар етіп, толық ақпарат береді», – дейді банк өкілдері.
Отбасы банкінде қазақстандықтарға қолжетімді жағдайда тұрғын үй сатып алуға көмектесетін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырып жатқаны айтылды.
«Жыл басынан бері банк 52672 қазақстандық отбасыға қоныс тойын тойлауға көмектесті. Тағы 2,7 млн қазақстандық болашақта пәтер немесе үй сатып алу үшін банктегі депозиттерге ақша жинайды», — деді банктегілер.
Сондай-ақ банк тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 — 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде «9-20-25» бағдарламасы жергілікті әкімдіктердің кезекте тұрғандарына жеңіл шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі. Өңірлік бағдарламалар шеңберінде банк жастарды (35 жасқа дейін) тұрғын үй сатып алуда қолдайды.
Осы жылдан бастап банк «Дипломмен ауылға» бағдарламасының операторы болады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен маманы, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда) жұмыс істейтін ауылында үй сатып ала алады.
«7-20-25»
Еске сала кетейік, Қазақстанда «7-20-25» мемлекеттік ипотекасы танымал. Ол 2018 жылы 1 трлн теңге бюджетпен іске қосылған болатын. Бұл бағдарлама жабылуы тиіс болған, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны ұзартуды тапсырды.
Бұл бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-тен бастап алғашқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамтамасыз етуге арналған.
Биылдан бастап бұл бағдарламаға тоқсан сайын 100 миллиард теңгеден бөлуге шешім қабылданды. Бірақ лимит тез таусылып қалып жатыр. Соған қарамастан Ұлттық банк өз шешімін өзгертпейді.
Әр жан баспаналы болсын!🤲🏻
2️⃣ 2,5 проценттік кредит бойынша 5 мыңнан астам адамның өтініші мақұлданды.
1 қарашадағы жағдай бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 5 205 жобаны мақұлдады. Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланып отыр. Жеңілдетілген кредиттің мөлшері – 5 млн теңгеге дейін, оны кез келген мақсатқа 5 жылға алуға болады. Ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін кредиттің мерзімі — 7 жылға дейін.
Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі оңтүстіктен түскен. Олар:
Түркістан облысы (970);
Жамбыл облысы (786);
Қызылорда облысы (642);
Шымкент қаласы (466);
Астана (456) қаласы.
Қазіргі кезде конкурстық комиссиялар мақұлдаған 5 205 жобаның ішінде 4 554 жобаға кредит берілді. Кредит алушылардың басым бөлігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын таңдап отыр.
Кредит алу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Ал өтінім беруші 21-35 жаста болуы шарт.
Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Ал сіз бұл тізімге кірдіңіз бе?🤔
3️⃣ Байқоңыр қаласындағы мектептерде Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті оқытылады.
Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан – Ресей үкіметаралық комиссиясы бір келісімге келді. Оған сәйкес, келес жылы мектептер мен балабақшалар отандық білім беру стандартына ауысады. Сонымен қатар жергілікті биліктің қолдауымен Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай ауылдарындағы мектептердің жұмысын үйлестіретін дербес ұйым құрылады.
Қазіргі кезде Байқоңырда 5 отандық және 7 ресейлік мектеп бар. Көрші мемлекеттің оқу бағдарламасымен әріп таныған оқушылар енді қазақ тілі мен әдебиетін оқуға мүмкіндік алып отыр. Ондай балалардың саны екі мыңнан асады.
«Қазіргі таңда Янгель атындағы №7 мектепте оқытылып жатыр. 5,6,8 және 9-сыныптарда. Алдағы уақытта қалған 5 ресейлік мектепте осы пәндерді оқыту жөнінде жұмыстар атқарылады», — дейді Қармақшы аудандық білім бөлімінің Байқоңырдағы сектор меңгерушісі Жадыра Алданова.
Керемет бастама!👍