Мемлекеттік жұмыс, Болашақ, Қоқыс. 22 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 Ақпан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандықтар қоқысты дұрыс тастамағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Қазақстан Конституциясының 24-бабына сәйкес мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана жол беріледі.
«Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама ҚР Қылмыстық Кодексінің 43-бабы шеңберінде қоғамдық жұмыстарды қолдануды көздейді. Конституцияның 24-бабы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мәжбүрлі еңбекке тартуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, енді әкімшілік істер шеңберінде қоғамдық жұмыстарды да қолдану қажет», – делінген жарияланған құжатта.

Құжатта егер адам ұсақ бұзақылық жасаса, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болатыны айтылған.📌

Заңды қолдайсың ба?🤔

2️⃣ «Болашақ» бағдарламасы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілмек.

Бұл туралы Ғылым министрлігі хабарлады.

Кандидаттар өтінім берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Мысалға, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер нәтижесі 9.0 – ден кем дегенде 6.0 IELTS, PBT 677- ден 498, IBT 120- дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер – IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуы тиіс.
«Биыл «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапалық жағынан арттыру үшін қабылданды. Шетелдік жоғары оқу орнының докторантурасына түсетін қазақстандықтарды қоспағанда, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін растауы қажет», – деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

🖋️ 2023 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

3️⃣ Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады.

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін іріктеу конкурсына қатысатын үміткер сынақтың 4 кезеңінен өтеді.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты.

Спикер ұсынған мәліметке сай, тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылған. Сондай-ақ, іріктеу конкурсына қатысатын үміткер келесі кезеңдерден өтеді:
1. Жеке қасиеттерін бағалау;
2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау;
3. Эссе жазу;
4. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесуден өту.
Азамат Жолманов айтуынша, үміткерлерді лауазымға жаңа жүйемен іріктеу 1 наурызда басталады.

Ескере жүріңіз!☝🏻