Менделеев олимпиадасы, Шет тілі, eGov. 11 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 Сәуір, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанда оқушылар арасында Менделеев олимпиадасы өтеді.

1-6 мамыр аралығында Қазақстанда өтетін оқушылар арасындағы химия пәнінен 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына (ХМО-57) 20-дан астам елдің командасы қатысады.

«Республика үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің жан-жақты қолдауымен Менделеев олимпиадасы 2002, 2012 және 2017 жылдары Қазақстанда өтті. Бұл халықаралық ауқымдағы жарысты жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігін дәлелдейді. Биылғы жылы Халықаралық Менделеев олимпиадасының негізгі іс-шаралары Астанада, Назарбаев университетінің зертханалары мен аудиторияларында өтеді. Университеттің техникалық жабдықталуы олимпиаданы өткізуге барлық жағынан толық сәйкес келеді», – деді Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Менделеев олимпиадасына қатысатынын қазірдің өзінде 20-дан астам елдің командасы растады. Дәстүрлі түрде Австрия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Хорватия және тағы басқа елдің командалары қатысады. Бразилия құрамасы турнирге қатысуға алғаш рет өтінім берді.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Ресей ғылым академиясының вице-президенті және Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің ғылыми жетекшісі Степан Калмыков 2023 жылғы Олимпиада барлық ковид шектеулері жойылғаннан кейін бетпе-бет форматта екінші рет өткізіліп отырғанын айтты.
«Биыл елдердің қатысуға жолдаған өтінімдерінің саны бірден 30%-ке өсті. Біз Ғылым мен технология онжылдығы мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесімізді қоса отырып, қатысушы мемлекеттер саны одан әрі кеңейеді деп күтеміз», – деді ол.

Сен де бақ сынап көр!📌😉

2️⃣ Қазақстанда енді eGov арқылы онлайн нотариус қызметіне жүгініп, құжат рәсімдеуге болады.

Қазақстанда «Цифрлық нотариат» жобасы аясында сенімхаттардың барлық түрін рәсімдеуге болады. Бұл туралы әділет миниистрлігі мәлімдеді.

Бұған дейін сенімхатты ресімдеу үшін нотариусқа барып, құжатқа қол қою қажет болған. Енді, бұл қызметті eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн форматта алуға мүмкіндік бар. «Цифрлық сенімхат» деген қызметте клиент пен нотариус онлайн режимде байланысқа шығады да, қажеті сенімхатты рәсімдейді.
Цифрлық сенімхатты рәсімдеу тәртібі:
1. eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;
2. өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;
3. жеке басын растау үшін қосымшадан нотариусқа бейне қоңырау шалу;
4. белгіленген тариф бойынша нотариустың қызметтеріне ақы төлеу;
5. «Сандық құжаттар» бөлімінде сандық сенімхат алу; Цифрлық сенімхатты кез келген нотариус рәсімдей алады.
Осы құжатты барлық мемлекеттік органдарда немесе талап ету орны бойынша қағаз аналогымен пайдалануға болады.

Қосымшада қауіпсіздік шаралары да сақталады. Авторизация кезінде ғана емес, өтінімге қол қою кезінде де пайдаланушының биометриялық деректерін растап, электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану қажет. Болашақта жаңа қызмет бірқатар банктік қосымшаларна енгізіледі.

Керемет мүмкіндік болды!😍🔥

3️⃣ Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін.

Қазақстандық екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды.

Дайындалған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда «Шетел тілі» пәні алып тасталатыны айтылған.

10-11-сыныптарда оқу жүктемесі қысқартылған үлгілік оқу жоспарларында «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.
«11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін игеруге мүмкіндік береді», – делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

Сен бұл өзгеріске қалай қарайсың?🤔