Mendirman Jaloliddin,Вадим Куралес, Әлем аруы. 15 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Қаңтар, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық спортшы Вадим Куралес «алтын» медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында биатлоннан 15 шақырымға жеке жарыс өтті. Қазақстан намысын Александр Мухин, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбек қорғады.
Вадим Куралес ең үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды. Отандасымыз қашықтықты 42:37.4 секундта еңсерді.
Күміс медаль норвегиялық Эрьян Мосенгке (+42.6) бұйырса, француз Аксель Гарнье (+1:16.5) қола жүлдегер атанды.

Бұл Қазақстан қоржынындағы алғашқы алтын!😍😍😍

2️⃣ «Әлем аруы» байқауында американдық Р’Бонни Габриэл жеңіске жетті.

Бұл туралы байқаудың Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.

Сенбі күні Жаңа Орлеанда (Луизиана штаты) өткен 71-ші халықаралық жарыстың негізгі салтанаты 14 қаңтар, сенбі күні өтті.

Вице-мисс атағы Венесуэла елінің өкіліне берілді.

Байқауда Қазақстан атынан Диана Тәшімбетова қатысуы керек еді, бірақ «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті қызды «Әлем аруы-2022» атағынан айырды.

📍Өкінішке қарай, Қазақстан атынан ешкім қатыса алмады.

3️⃣ Қазақстандық ансамбль Mendirman Jaloliddin деп аталатын түрік сериалына саундтрек жазды.

Сериал Хорезмшах мемлекетінің соңғы билеушісі Жалаледдин туралы. Бұл туралы ансамбльдің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Бұл жолы ансамбль @bozdagfilm түсірген Mendirman Jaloliddin сериалының екінші маусымына әуен жазды. Сериал Хорезмшах мемлекетінің соңғы билеушісі Жалаледдин Хорезмшах туралы. Көрермен жүрегін жаулаған сериалдың екінші маусымына Turan ансамблінің бес композициясы саундтрек ретінде қолданылды», – делінген жазбада.

Cериалдың премьерасы 14 қаңтарда болады.

Керемет! Тамашалауға кеңес береміз!🔥👍