Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстандық K-Pop Cover орындаушылары Оңтүстік Кореяға жолдама алды.
Астанада Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion 2023 анықталды. Жарыс жеңімпаздары Кореяда қарашада өтетін Changwon К-Pop World Festival халықаралық кезеңіне қатысады.
12 сәуір мен 31 мамыр аралығында Қазақстанның он екі өңірінен 99 команда бейне кавер-қойылымдарға қатысуға өтінім жіберді. Алдын ала кезеңнің нәтижелері бойынша финалдық концертке қатысу үшін 12 команда іріктелді. Бірінші және екінші орын алған жеңімпаз командалар Корей мәдени орталығы дайындаған жүлделермен марапатталды. Сондай-ақ, Корея Республикасында өтетін «Changwon К-Pop World Festival» іріктеу турының алдын ала кезеңіне қатысу үшін өтінім беруге арнайы мүмкіндік алды.
Құтты болсын!😍 K-Pop-ты ұнататындар бар ма?)
2️⃣ Маск пен Цукерберг Колизейде күш сынасады.
Италия үкіметінің өкілі америкалық кәсіпкерлер Марк Цукерберг және Илон Масктың ықтимал төбелесті ұйымдастыру туралы хабарласты.
Хабарламада айтылғандай, Цукерберг өкілдері бұған дейін UFC президенті Дана Уайтпен байланысып, оған Италиядан түскен ұсынысты жеткізген еді. Уайт өкілдері өз кезегінде итальяндық тараппен байланысқа шықты. Цукерберг те, Маск те Колизейде төбелесуге қарсы емес екенін жеткізді.
Еске салайық, кейбір UFC жауынгерлері мен ардагерлері, атап айтқанда, Джон Джонс, Чарльз Оливейра, Жорж Сент-Пьер, Хорхе Масвидаль және Шон Стрикленд Цукерберг пен Маскты жекпе-жекке дайындауға өз көмегін ұсынған болатын.
Сіз кімді қолдайсыз?🤔🔥
3️⃣ Қазақстанда жаңа мереке пайда болды.
Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қадырәлі Facebook-парақшасында жазды.
«Қадірлі достар! Жағымды жаңалығымыз бар. 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды. Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен еді. Енді міне, журналистер қауымы үшін тағы бір атаулы күн белгіленіп отыр. Баспасөз саласында еселі еңбек етіп, қалам тербеп жүрген барша әріптестерімізді ұлттық баспасөз күнінің белгіленуімен құттықтаймын!» — деп жазды ол.
Енді 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып тойланады.📌