Месси, Грант, 1 сынып. 21 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Тамыз, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Месси футбол тарихында ең көп жүлде алған ойыншы атанды.

Командалар Нэшвилдегі (АҚШ) «Геодис Парк» стадионында ойнады. Матчтың негізгі уақыты тең есеппен аяқталды – 1-1. Матчтан кейінгі пенальти сериясында «Интер Майами» футболшылары мықтылық танытты.
Бүгінгі матчтағы жеңісінің арқасында «Интер Майами» MLS + MX Лигасының кубогіне қол жеткізді. Бұл – Лионель Мессидің жаңа клуб құрамындағы алғашқы жетістігі. Осылайша, аргентиналық футболшы кәсіби мансабындағы 44-ші атағын иеленіп, футбол тарихындағы ең титулы көп ойыншы атанды.
Бүгінгі ойынға келер болсақ, Месси бірінші таймда гол соқты, сондай-ақ пенальти сериясында да қақпаға доп кіргізіп, мықтылығын дәлелдеді.
Бүгінге дейін Месси қоржынында 43 титул бар еді. Мансабын аяқтаған бразилиялық қорғаушы Дани Альвес та осынша титул олжалаған. Енді аргентиналық ойыншы 44-ші атағына қол жеткізіп, көш басына шықты.

Месси жанкүйерлерін құттықтаймыз!🔥

2️⃣ Астана қаласының әкімдігі 1084 білім грантын бөлді.

Астана қаласының әкімдігі педагогоика, медицина және гуманитарлық пәндер бойынша грант бөлді.

Ақпаратқа сәйкес, 2023-2027 оқу жылдарына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1 084 білім грантын педагогикалық мамандықтар бойынша (дене шынықтыру, шет тілі, география, тарих, Педагогика және психология математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, химия, биология мұғалімдері, шетті тілі), гуманитарлық пәндер бойынша исламтану, дінтану, Теология), медициналық (резидентура) бөледі.

ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл жинаған талапкерлер, педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады

Үлгеріп қалыңыздар!😍👍

3️⃣ Биыл Алматыда 30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.

“1-сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталды. Бүгінгі таңда 30 146 бала қабылданды, оның ішінде жекеменшік мектептерге баратын – 3 789 бала. Орта білім беру ұйымдарында пәндік кабинеттердің 75,6% жаңартылды”, – деді Жылқыбаева.

Оның айтуынша, биыл “Мектеп автобусы” жобасы басталады. Жалпы тасымалдау қажеттілігі 12500 баланы құрайды.

«Бүгінгі күні 100 мектеп автобусын сатып алынды. Биыл біз қаланың 7 ауданынан 30 мектептен 7 722 баланы тасымалдаймыз. Ол үшін тасымалдау қызметтеріне бюджетте 1,4 млрд. теңге қарастырылған. Оны “АлматыЭлектротранс” жүзеге асыратын болады”, – деп бөлісті спикер.

1-сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталды📌