Михаил Кукушкин, Рамина Кукушкин, Жас пионисттер. 25-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 ноября, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ 10 жастағы Рамина Сатыбалды Армения астанасында өткен халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Жас әнші Ереван төрінде «Қазақпын» және «Wrecking ball» әндерін шырқап, ең жоғары ұпай жинаған. Бұл жеңісі арқылы ол Италияда өтетін «Viva Italia» байқауына жолдама алып отыр. Айта кетсек, «Golden Voice» атты байқауға АҚШ, Ресей, Армения, Эстония, Литва сияқты бірнеше елдің 100-ден астам үміткері қатысқан.

«Бозторғай» және «Шаттық» халықаралық байқауларының директоры, Халықаралық байқаулар мен фестивальдер қауымдастығының мүшесі, «Славянский базар в Витебске» халықаралық өнер фестиваліндегі Қазақстанның ресми өкілі Қарлығаш Әбдікәрімова хабарласып, Рамина Қазақстанның атынан шығады деп айтты. Қатты қуандық, бірден «Барамыз!» дедік.

Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова сияқты қазақ өнерінің мақтаныштарын алғашқы ірі байқауларға алып шыққан білікті маманның назары біздің қызымызға ауғанына қатты қуаныштымыз. Оның Раминаға қойған «Барби» деген лақап аты қазір кеңінен таралып кетті. Бәрі қызымызды «Қазақ Барбиі» деп таниды», — деді әншінің анасы Рауан Міржүсіпова.

Жарайсың, Рамина!😍😍😍

2️⃣ Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 264-ракеткасы, бельгиялық Микаэль Гритцпен күш сынасты.

М.Кукушкин 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 4 брейкке қол жеткізді.
М.Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 122-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, аустриялық Юрий Родионовпен таласады.

Құтты болсын!👍

3️⃣ Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпазы 3 млн теңге алды.

Оған 7 жастан 17 жасқа дейінгі жас таланттар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша алматылық 15 жастағы Жұлдыз Ержеңіс «Astana Piano Passion» Гран-при иегері атанып, 3 000 000 теңге ұтып алды. Сондай-ақ оған «Астана Опера» театрының камералық залында жеке концерт ұйымдастыруға немесе әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық концертке қатысуға мүмкіндік берілді.

«Мәдениет саласындағы маңызды бағыттардың бірі – еліміздегі жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына жол ашу. Бүгін жеңімпаз атанған ұл-қыздарымыз болашақта әлем сахнасын бағындыра алатынына сенімдімін. Алдағы уақытта іс-шара ауқымын бұдан да кеңейтуіміз керек. Себебі музыкада шекара болмайды, кез келген әуеннің тілі барша халыққа ортақ. Бүгін марапатқа ие болған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын», — деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Гала-концертте.

Бұл байқау Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылыпты👏🏻