“Миньоны: Грювитация», Адихан Туйшиев, Алмас Исенов. 6-шы шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!🔥

1️⃣ «Миньоны: Грювитация» мультфильмінен кейін TikTok желісінде жаңа тренд пайда болды. Осы тұста, Британия кинотеатрлары көруге жиналған фанаттардың жағымсыз іс-әрекеттерімен күресіп жатыр.

Себебі олар мультфильмдегі басты кейіпкер Фелониус Грю сияқты классикалық костюм киіп, сеанс кезінде түрлі заттарды лақтыруды бастаған.

Жалпы тиктоктағы осындай трендтерге көзқарасың қандай? 🧐

2️⃣ Қарағандылық оқушы Адихан Түйшиевті шетелдің жеті жоғары оқу орны шақырды. Ол Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі.

Жас жігіт болашағын IT-технологиялармен байланыстырып отыр. Ол Америкадан, Сингапурдан, Венгриядан, Германиядан және басқа елдерден шақырту алған. Адиханның таңдауы Германиядағы Jacobs University Bremen-ге түсті.

Жарайсың, Адихан! 👍🔥

3️⃣ Қазақстандық спортшы Алмас Исенов Бішкекте өткен әлем чемпионатында гір спортынан жеңімпаз атанды.

Қырғызстанның Бішкек қаласында 1-4 шілде аралығында гір спортынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Аталмыш додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысты.

Чемпионатта еліміздің спортшылары да өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ұлттық ұлан Академиясының 1 курс курсанты Алмас Исенов те өнер көрсетіп, жеңіске жетті.

Спортшымызды құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻