Әмір Зәкіров, Instagram, Tiktok. 29-шы шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 июля, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандық B-Boy Amir (Әмір Зәкіров) 6 қараша күні Нью-Йоркте өтетін Red Bull BC One брейкингтен чемпионаты промовидеосына түсті.

Бұл туралы ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.

«Режиссура – менің екінші махаббатым. Біріншісі – брейкинг. Өзің жақсы көретін екі жұмысты бірге істеуден артық ештеңе жоқ екен. Бүкіл әлемге біздің мәдениетіміз туралы, өзімнің туып-өскен жерім туралы айтқым келді, бірақ соны заманауи түрде, әдеттегіден өзгеше жолмен жеткізуді ойладым. Қазір әлемдік брейкинг аренасы Қазақстанға қатты назар аударып отыр. Біздің оларға көрсететін дүниеміз баршылық», — дейді B-BoyAmir.

Түсірілім жұмыстары бастан-аяқ Алматыда жүргізілген. Ол қазақстандық Qara Studios продакшн-компаниясының өнімі.

«Біздің ниетіміз – қазақ мәдениетін өзіміз қабылдап үйренбеген қырынан көрсету болды. Әмір басынан-ақ, видеоның бәрін табиғи күйінде түсіруді жоспарлады», – дейді қоюшы-режиссер NurNiyaz.

Керемеет!🔥🔥🔥

2️⃣ Instagram басшылығы қолданушылар сынынан кейін платформадағы жаңартуларды тоқтата тұруды шешті.

Соңғы күндері Instagram суреттерге қарағанда, видео мазмұнына басымдық берілетін болды. Нақтырақ айтсақ, видеолар смартфон экрнанына толық шығады. Бұл қысқа видеолар түсіруге арналған TikTok-қа ұқсатып кеткенін айтып, көпшіліктің тарапынан сынға ұшырады.

Қолданушылар Instagram-ның жаңа дизайнына көңілі толмай, қолданбаны аз пайдаланған. Сын әлеуметтік желі басшылығына қарсы ең үлкен акциялардың біріне айналды.

Саған инстаграм жаңартулары ұнаған ба еді?🤔

3️⃣ TikTok-тағы ең танымал қалалар белгілі болды. Олардың қатарында 50 қала бар. Бірінші орында Дубай тұр. Бұл қала тикток желісінде 81,8 миллиард қаралым жинаған.

Екінші орында Нью-Йорк қаласы тұр. Оның қаралымы 59,5 миллиард.

Үшінші орында — Лондон. Ол 36,8 миллиард рет қаралды.

Ал сен қай қаланы қосатын едің?😍