Miss Qazaqstan, Түркия, Димаш Құдайберген. 7 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Ақпан, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. 🔥

1️⃣ Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

«Туымыз 2023 жылдың 12 ақпаны, жексенбі күні күн батқанға дейін барлық ұлттық және шетелдік өкілдіктерімізде төмен түсіріледі», – деп жазды Түркия президенті Twitter парақшасында.

6 ақпан күні таңертең Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді. Түркияда бір күннің ішінде күшті жер сілкінісінен кейін 10-нан астам жер сілкінісі сезілді.

«Қазір бізде 3 381 адам құрбан болды, 20 436 тұрғын жараланды», – деді төтенше жағдайларды басқару департаментінің (AFAD) жер сілкінісі және қауіп-қатерді азайту департаментінің бас директоры Орхан Татар.

Айтуынша, жер сілкінісі салдарынан 5 575 ғимарат қираған.

📌 Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 381 адамға жетті.

2️⃣ Димаш Құдайберген концертінен түскен қаражатты Түркиядағы зардап шеккендерге аударады.

«Қазақ халқына бауырлас, ағайын ел болып саналатын Түркиядағы, Сириядағы және басқа да елдерде табиғаттың залалынан көптеген адамның қаза тапқанын естідік. Әрине, зор күйзеліспен қабылдап отырмыз. Барлық дүние салған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр халде күй кешіп жатқан бауырларымызға тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді қазақстандық әнші өзінің Instagram парақшасында.

Осы тұста әнші әлем бойынша ұйымдастырлып жатқан жеке кештерінен түскен қаражаттың бір бөлігін зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударатынын айтты.

«Әр отбасыға аманшылық тілеймін. Аспанымыз ашық, әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын. Елімізде, әлемде тыныштық болсын! Барша әлем халқы бақытты болсын!», – дейді Димаш Құдайберген.

Елге амандық тілейміз!🙌🏻🙌🏻🙌🏻

3️⃣ «Miss Qazaqstan» байқауының талабы күшейтіледі.

«Miss Qazaqstan 2023» байқауына кастинг наурыз айында жарияланады. Кастингке 17 бен 25 жас аралығындағы қыздар қатыса алады. Қойылатын талап: бойы 165-185 см, тұрмысқа шықпаған, сымбатында мін жоқ, ақылына көркі сай болу керек.
Байқау талабы мен талғамы туралы сайтта алдын ала жарияланады. Арулар байқауының талабы биылдан бастап қатаңдатылады. Оған ұйымдастырушылар мен байқаудың 2022 жылғы жеңімпазы Диана Тәшімбетованың арасындағы кикілжің себеп болған.

«Бұл байқау бір күннің, бір айдың еңбегі емес. Қаншама қаражат жұмсалды. Бұған арнайы бөлінген қаражат жоқ. Біз коммерциялық ұйымбыз. Әрине кез келген дүние идеал болмайды. «Әттеген-ай» дегізетін кемшілік болады. Келісімшартта қаталдау болу керек пе еді, әр қызды қадағалау керек пе еді. Бір қыздың таққан айыбы үшін қаншама еңбек жоққа шықты. Биылдан бастап біраз бапты өзгертеміз», – дейді «Miss Qazaqstan» ұлттық арулар байқауының президенті Айдай Исаева.

Ал сен қандай өзгерістер енгізілгенін қалайсың?🤔