Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ 15 шілдеден бастап антикор құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа құжаттарды қабылдауды бастайды.
* Қазақстан азаматтығы
* 18 ден 35 жасқа дейін
* Жоғары заңгерлік, экономикалық немесе қаржылық білім
Ол үшін не қажет?
— құқық қорғау органдары үшін 2-ші бағдарлама бойынша тестілеудің нәтижесі;
— өтініш;
— жеке куәліктің көшірмесі, білім туралы құжат, өмірбаян, елдің кез келген өңірінде қызмет етуге келісім және әскери билет (тіркеу куәлігі).
Барлық құжаттарды Агенттіктің аумақтық департаментіне тапсыру қажет.
Іріктеу туралы толық ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!👍
2️⃣ Алматыда бейбіт митинг өткізу орындары өзгеруі мүмкін.
Алматы қаласы әкімдігі қалалық мәслихаттың шешімімен қалада бейбіт митингтер өткізу орындарын өзгертуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасында жазылған.
Құжатта бейбіт шерулерге арналған аймақты Шоқан Уәлиханов атындағы скверден (1000 адамға арналған) Амангелді Иманов атындағы скверге (500 адамға арналған) көшіру ұсынылған.
Сондай-ақ Шевченко көшесімен өтетін қолданыстағы шеру маршруты Гагарин даңғылы мен Мұқанов көшесі арасындағы Жамбыл көшесінің бойындағы жаңа маршрутқа ауыстыру көзделген.
Сонымен қатар, «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы алаң сыйымдылығын 500-ден 1000 адамға дейін өзгерту ұсынылды.
Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Қай орын дұрыс болады деп ойлайсыз?
3️⃣ Шығыс Қазақстанда энергетика мамандары үшін ипотекалық бағдарлама іске қосылды.
Бұл туралы 24KZ хабарлайды.
Облыстағылар осылайша бұл кәсіптің өңірдегі беделін көтеруді көздеп отыр.
Қазіргі уақытта салада кадр тапшылығы қатты сезіліп жатқаны айтылды. Мамандандырылған жоғары оқу орындары жас мамандарды дайындайды, бірақ диплом алғаннан кейін көбісі басқа салада қызмет етеді. Мәселені кешенді түрде шешу қажет дейді мамандар. Сондықтан, қызметкерлерге тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу қарастырылды.
«Жалпы облыс бойынша 500-ге жуық маман жетіспейді. Олардың міндеттерін өзге мамандықтардың өкілдері атқарады. Жақын арада облыста жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталып, онда тағы 500-ге жуық бос жұмыс орны ашылады», — дейді бастамашылар.
Сонымен қатар, өткен жылы техникалық университетті небәрі 10 жылу энергетикасы маманы бітіріп шықты, ал биылғы жазда 8 маман диплом алған.
Тамаша!🔥