Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстанда ММА жекпе-жектерін көрсетуге шектеу қойылады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі телеарналарда ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне шектеу қойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің Telegram каналында жарияланды.
Министрдің айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықты азайту. Әйтпесе, мектеп оқушылары арасында ММА әдістерін қолдану әрекеттері жиілеп кеткен.
«Телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз. Себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе, мектеп балалары сол әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай, WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Мысалы, қыздардың төбелесіп жатқанын немесе ер балалардың бір-бірін аяусыз ұрып жатқаны жайлы видеолар шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездік керісінше, сол қытыгездікті туғызатыны белгілі», — дейді Қыдырәлі.
Оның айтуынша, 6 айда жастар арасында 252 қылмыс тіркелген. Соның басым бөлігі қатыгездік әрекет. Бұдан бөлек, биыл жарты жылда зорлық-зомбылықты насихаттайтын 219 контент анықталған.
«Зорлық-зомбылық көбінесе баланың танысы, көршісі немесе жақындары тарапынан жасалып жатады. Сондықтан ата-аналары ұят болады деп, баланы тыйып жатады. Соның бәрі баланың психологиясына әсер етеді, ол кейін суицидке апаруы, басқа да көптеген теріс салдары болуы мүмкін», — деп атап өтті министр.
Министрдің айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықты азайту. Ал сіз мұндай шектеуге қалай қарайсыз?🤔
2️⃣ Қазақстанда рулі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салуды ұсынды.
Ведомство «Рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрықтың жобасын дайындады.
Бұйрыққа сәйкес тыйымды 6 ай мерзімге енгізу қарастырылған.
Жоба 2023 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Заң жобасының орындалуын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп бақылайды. Бұған дейін Қазақстанда рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге 2006 жылы тыйым салынған болатын.
Жаңа заң 13 қыркүйек қоғамдық талқылауда болады. 📌
3️⃣ Шетелде ғылыми тәжірибеден өтуге өтініш беру басталды.
28 тамыз күні «Халықаралық бағдарламалар орталығы» шетелде ғылыми тәжірибеден өтуге өтініш қабылдай бастайды.
Шетелде ғылыми тағылымдамадан (500 ғалым) өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш беру 13 қазанға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсан айларында жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да мына мекенжайда:
Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 70-үй «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте қолма қол (қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) қабылданады.
«Ескерте кетейік: Құжатты үшінші тұлға келіп тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет».
Жақындарыңызды хабардар етіп қойыңыз👍