Мобилограф, Жсн, Вейп. 24 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 января, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанда вейпке тыйым салынды.

Қазақстанда вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынды. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы қабылдады.

Заң жобасында темекі өнімдерін тұтынуды шектеу нормалары қарастырылған. Оған сәйкес енді елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, вейпке тыйым салу мәселесі үш жыл бойы қызу талқыланып келеді.

«Қазіргі кезге дейін бейресми ақпаратқа сүйенсек вейптердің таралуы 200 есеге өскен. Олар қазір қаптап тұр, барахолкадан немесе кез келген дүкеннен балалар сатып ала береді. Сондай-ақ жуырда «Балалар қоры» атты қоғамдық ұйымның кішігірім әлеуметтік зерттеуі бойынша алматылық балалардың 80%-і, астаналық балалардың 83%-і вейп қолданады деген ақпарат шықты. Бұл өте қауіпті үрдіс. Біз оған тоқтау салуымыз керек. Сол себепті біздің қазіргі бағытымыз – балаларды осындай қауіп-қатерден, денсаулығына зиян келтіретін індеттен сақтау. Позиция осы», — деп түсіндірді депутат мәжіліс кулуарында.

Жаңа нормаға сәйкес, вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Дәлірек айтқанда, вейпті сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекет үшiн – 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сонымен қатар осы заң аясында медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезіндегі міндетті клиникалық хаттамаларды қолдану алынып тасталады.

Пайдаланған жағдайда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.📌

2️⃣ Қазақстандық мобилографтар New York Film Academy-да оқуын бастады.

“Dаra” Президенттік бастамалар қоры ұйымдастырған республикалық мобилография фестивалінің 20 финалисі бір апта Лос-Анджелестегі Нью-Йорк киноакадемиясының білім аудиторияларында өткізеді. Бұл туралы inform.kz мәлімдеді.

Американдық кино өндірісі мен 3D анимацияны жан-жақты оқыту бойынша жетекші ЖОО бірінде қазақстандықтарға түсірілім процесінің технологиялары туралы баяндалады
Смартфонның техникалық мүмкіндіктеріне ауысқан классикалық түсірілім стандарттары кинода бірнеше жылдан бері қолданылып келеді.
Оқу бағдарламасы күрделі, онда қатарынан бірнеше пән оқытылады. Жобаның ең жас қатысушыларының бірі — Мырзабек Қуатбай небәрі 18 жаста. Ол алғашқы оқу күнінен алған әсерімен бөлісті.

“Мильдік жол шағын қадамдардан басталады. Алғашқы қадамды да жасадық, мен табысқа жететініме сенімдімін!”, — деген Мырзабек өзі оқыған қысқа оқиғалар стандарты талап еткендей, жағдайын қысқа, астарлы, бірақ эмоционалды түрде суреттеп берді.

Қазақстандықтар режиссер, актер, сценарийші, продюсер, оператор, фотограф және бейнеойын дизайнерлерін дайындайтын АҚШ-тың жетекші университеті New York Film Academy қабырғасында ұялы телефонға түсіру мен монтаждаудың кәсіби стандарттарын үйренетін болады.

Университеттің негізін қалаушы — Голливуд продюсері Джерри Шерлок. Оның негізгі қағидасы былай тұжырымдалған: кине өнеріне тәжірибе арқылы үйрету.

Сапарбек Жақсылықтың айтуынша, курс режиссураның қыр-сырын, қол камераларының техникалық сипаттамаларын, түсіру, монтаждау кезеңдерін үйренуден басталды.

Керемет! Әлемдік нарықта топ жаратын жастарымыз көп болсын!👍🔥

3️⃣ Сәби дүниеге келгеннен кейін 20 минут ішінде ЖСН беріледі.

Қазақстанда нәрестелерге аты-жөнінен бұрын жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын мақұлдады.

Жаңа норма кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған.
Оған сәйкес, жаңа туған нәрестенің жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру ұсынылып отыр. Депутаттар осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты қылмыстарға тосқауыл қоймақ.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева түсіндіргендей, қазір ЖСН сәбиге туу туралы куәлікті рәсімдеген кезде беріледі. Ал куәлікті рәсімдеу үшін балаға ең алдымен ат қою керек.

«Ата-ана сәбиіне қандай есім қоятынын ойластырып жатқанда, біраз уақыт өтіп кетеді. Кейде заңда қарастырылған мерзім сақталмайды, тіпті кейде ЖСН мүлде тіркелмейді. Мұндай жайттар болды. Сол себепті біз туу туралы куәлікті күтпей, нәрестеге дүниеге келген сәтте бірден ЖСН беруді ұсынып отырмыз», – деді Смышляева.

Есімі қойылмай жатып, ЖСН беріледі екен😍