Мохамед Салах, Лотос, Геннадий Головкин. 2-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!

1️⃣ «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах клубпен келісімін ұзартты.

Ағылшын клубының сайтында Салахпен жаңа келісімшартқа ұзақ мерзімді негізде қол қойылғаны хабарланды. Бірақ келісімнің нақты мерзімі көрсетілмеді. Оның алдындағы келісім 2023 жылдың жазына дейін еді.

2️⃣ Алматы маңындағы Первомайский тоғанында лотос гүлдеді. Енді олардың жанында суретке түсуге барып жатқандаодың қарасы көбейді.

Таңғажайып гүлдер Алматы облысының Іле ауданындағы Солтүстік айналма жолынан 17,5 шақырым жерде орналасқан. Нақтырақ айтсақ, жарты сағат ішінде қаладан аталмыш жерге жетуге болады.

Сен барып үлгердің бе?😍

3️⃣ Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің ең мықты қарсыласы туралы айтты. Бірақ ол қарсыластарының арасына мексикалық Сауль «Канело» Альваресті қоспады.

Сенің ойыңша Головкиннің нақты қарсыласы болуға кім лайық? 🤔