Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Елімізде “23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілді.
Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылаудан өтті.
Бұл мереке мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Кітапсүйер қауым үшін жақсы жаңалық!😍👍
2️⃣ Ұлттық банк Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталарды айналымға шығарады.
Қазақстан Ұлттық Банкі “Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар” сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталардың сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша орналастырылады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Қаныш Сәтбаев – кеңестік геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
Номиналы 2 000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қ.Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.
Монеталар:
— биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы – танталдан, массасы 40 грамм), монетаның массасы – 74 грамм, диаметрі – 50 мм, сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;
Тамаша!🔥
3️⃣ Отбасы банк шілдеде алғашқы облигацияларын шығарады.
Отбасы банк биыл өз облигацияларын шығару және орналастыру арқылы 300 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Inform.kz мәлімдеді. Бұл ақша қазақстандықтарға “Наурыз” бағдарламасы бойынша кредит беруге жұмсалады.
Шілде айында 100 млрд көлеміндегі алғашқы облигациялар шығарылып, «Қазақстан қор биржасына» орналастырылады. Бір облигацияның номиналды құны 1000 теңгені құрайды. Бұл ретте қаражат тартылатын мөлшерлеме тек алғашқы сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады.
KASE алаңында өткізілетін Отбасы банк эмитенті күнінде Басқарма Төрайымы Ляззат Ибрагимова облигациялар не үшін шығарылатынын түсіндірді.
“Жиырма жыл бұрын құрылған банк миссиясы – отбасылардың баспаналы болуын қамтамасыз етіп, олардың әл-ауқатын жақсарту. Отбасы банк сенімді және тұрақты дамып келе жатқан жинақтау және қаржыландыру жүйесі болып есептеледі. Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында ипотека бойынша Отбасы банктің үлесі 54 пайызды құрайды. Қазір Отбасы банк активтері мен меншікті капиталы бойынша елдегі екінші деңгейдегі банктер арасында төртінші орында тұр. Күн сайын қазақстандықтарға 400-ден астам кредит береміз”, – деді Басқарма төрайымы.
Биыл осыған байланысты 300 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр.📌