Мопед, Тикток, Ыстық. 18 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 Сәуір, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады.

Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске жекелеген көлік түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Мопед жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапқа тартылады. Бұл норма мас күйде мопед қолданған жүргізушілер санын, мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен жарақат алуды азайтуға бағытталған.
Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мопед жүргізушілерін толық жол қозғалысына қатысушыларға теңестіруді ұсынады.

Мопедтерді жүргізу үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді, «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алады, жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Сонымен қатар көлік жүргізушілері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін анықтау өкілеттігі беріледі. Бұл әкімдіктерге әр өңірдегі жол инфрақұрылымын дамыту шарттарына қарай қозғалыс жылдамдығын, рұқсат етілген орындарды және электр самокаттардың жұмыс тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.

Заңға түзетулер енгізілген екен☝🏻

2️⃣ Қырғызстанда ТикТок бұғатталады.

Қырғызстанның цифрлық даму министрлігінің TikTok балалардың денсаулығына зиян келтіру туралы заңды сақтамағаны үшін әлеуметтік желіге кіруді шектеу туралы шешім қабылданды.

«Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісіне кірц шектеледі, бұл ақпаратты цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі растады», – деп жазылған хабарламада.

Цифрлық даму министрлігіне қарасты Байланыс саласын реттеу және қадағалау қызметі интернет-провайдерлерден Қырғызстандағы TikTok ақпараттық қызметіне қолжетімділікті шектеуді және 2024 жылдың 18 сәуіріне дейін жазбаша жауап беруді сұрады.

Ведомствоның хабарлауынша, қызметке Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен ТикТоктың қырғыз сегментінде, атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті «балаларға арналған ақпарат кеңістігінде» контент цензурасына жүйелі және принципті көзқарас жоқ екені көрсетілген хат келіп түскен.

«ТикТоктың «Қырғыз Республикасындағы балалардың денсаулығына және физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы» заң талаптарын орындамауы мұндай шешім қабылдауға негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері көрсетілген», — деп келтіреді министрлік мәлімдемесін Sputnik Қырғызстан.

Бізге де осы заң қажет пе? Қалай ойлайсыз?🤔

3️⃣ Қазақстанда 18-20 сәуір аралығында +30°С дейін ыстық күтілуде.

Қазақстандық синоптиктер алдағы үш тәулікте – 2024 жылғы 18-20 сәуір аралығында ел бойынша ауа райы қандай болатынын мәлімдеді.

Болжамға сәйкес, термометр бағандары түнде температураның ауытқуын, ал күндіз температураның айтарлықтай жоғарылауын көрсетеді:

* батыста, оңтүстікте +25 + 30°С дейін,
* елдің солтүстігінде +20+25°С дейін,
* оңтүстік-шығыста +23 + 29°С дейін.

«Республика аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынның тоқтауы және күнделікті ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыс тауларында ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, мұнда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді», – деді «Қазгидромет» РМК.

Абай болыңыздар!📌