Мультфильм, Концерт, Спорт. 3 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 июля, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ “Жексұрын Мен 4” мультфильмі қазақ тілінде жарыққа шығады.

4 шілдеде Қазақстанда Illumination Entertainment компаниясының “Жексұрын мен 4” анимациялық фильмі қазақ тілінде прокатқа шығады. Фильмді Universal Pictures таратады, оның құрамына Illumination кіреді. Бұл туралы Universal Pictures-тің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып табылатын Sulpak Cinema хабарлады.

Sulpak Cinema-ның хабарлауынша, қазақша дубляж шығындарын авторлық құқық иесі Universal Pictures компаниясы толығымен өтеген. Фильм Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде шығады.

Despicable Me 4 — Миниондардың оқиғасын баяндайтын анимациялық фильмнің жалғасы. Аталмфш туындф миниондарды өмірге әкелушілердің бірі әрі “Оскарға” ұсынылған режиссер Крис Рено бастамасымен түсірілген.

Міне, нәтиже👍😍

2️⃣ Қазақстандық жас спортшы Ангелина Сорокина «Азия балалары» ойындарында «алтын» жеңіп алды.

Қазақстандық Ангелина Сорокина стенд атудан («скит» санаты) алтын медаль жеңіп алды. Ол 20 ұпай жинады.

Тғы бір отандасымыз София Малкина пневматикалық мылтықтан 10 метрге оқ атудан күміс жүлдегер атанды. Бір күн бұрын Қазақстан құрамасының қоржыны 3 алтын, 3 күміс және 5 қола медальмен толықтырылды.

Сегіз күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 78 медаль (15 алтын, 20 күміс және 43 қола) бар. Дәл осындай көлемдегі марапатты Ресей Федерациясының Сібір федералды округінің жас спортшылары иеленді (26 алтын, 24 күміс және 28 қола).

Бұған дейін «Азия балалары» VIII халықаралық спорт ойындары 26 маусымда Якутск қаласында басталғаны хабарланған болатын. Олар 7 шілдеге дейін созылады. Біздің еліміз 300 адамнан тұратын ең көп делегацияны жарысқа жіберді, оның 202-сі спортшылар. Якутскіде 24 спорт түрінен 239 медаль сарапқа салынады.

Құтты болсын!👏🏻

3️⃣ Астанада домбыра күніне орай шоу-концерт өтеді.

7 шілдеде ЭКСПО аумағында Ұлттық домбыра күніне арналған «Заманауи домбыра» мерекелік шоу-концерті өтеді.

Концерттік бағдарламаның тұжырымдамасы – заманауи балетпен ұштастыра отырып, қазақ этникалық домбыра аспабының әлеуетін зерттеуге және көрсетуге бағытталған мультимедиялық интерактивті технологияларды пайдалана отырып, музыкалық перфоманс дайындау.
Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, музыканттардың, суретшілердің, балет әртістерінің және графикалық мамандардың ынтымақтастығы арқылы домбыра басты рөл атқаратын инновациялық дыбыстық және көрнекі шығарма жасалады.

Шоу танымал қазақстандық орындаушылар, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ұлттық аспапты кеңінен дәріптеуге бағытталған.
Мерекелік концерттің жүргізушілері: Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек.

Кеш қонақтары: Kalifarniya, Ақтоты Болшова, «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Серпер» виртуоздар домбырашылар ансамблі, «SAZ» этно тобы, «Steppe Sons», «Assyl», «T&Y», «Арт-домбыра», «Aldaspan», Dj Годунов.

Іс-шара ЭКСПО аумағында 7 шілдеде сағат 18:00-де өтеді.

Сіз де рухани серігіп қайтыңыз!👍