Мысықтар, Қазак аруы, Алып қашу. 4 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 августа, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанның сұлу бойжеткендері «Қазақстан аруы-2023» байқауында бақ сынай алады.

Кастингке жасы 18-25 жас аралығындағы, бойы 165 см жоғары, тұрмыс құрмаған кез келген ару қатыса алады.

Алматыда «Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауына қатысуға ашық кастинг өтеді. Ол үшін байқаудың ресми сайтында қатысу туралы өтінімді толтыру қажет немесе 10 тамызда Розыбакиев көшесі, 247А, Mega Almaty сауда орталығына кастингке келіп қатыса алады. Басталуы 15:00.

Ал Астанада «Астана аруы» сұлулық байқауының финалына қатысуға ашық кастинг өтеді. Оның жеңімпазы «Қазақстан аруы-2023» байқауының финалында еліміздің ең сұлу аруы атағына таласуға мүмкіндік алады. Кастинг 12 тамызда Қабанбай батыр даңғылы, 62, Mega Silk Way сауда орталығында өтеді. Басталуы 14:00.

Алматы және Астана қаласында өтетін кастингке қатысып көріңіздер!👍

2️⃣ Қыз алып қашу бойынша жаза күшейтіледі.

Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайты мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, 2019 жылдан бері адам ұрлаудың 214 фактісі тіркелген. Бірақ некеге тұру мақсатында қыз ұрлау бойынша нақты мәлімет жоқ. Себебі Қылмыстық кодексте мұндай құқық бұзушылықтың жеке құрамы көрсетілмеген. Статистика да жүргізілмейді.

«Некеге тұру үшін қыз ұрлау тәжірибесі елімізде, әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда мұндай әрекет жыныстық тұтастықты бұзуға, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға, заңсыз бас бостандығынан айыруға және тіпті өз-өзіне қол жұмсауға да әкеледі.

Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар сынды стереотиптерді басшылыққа алып, жоғарыда аталған оқиғалар жайында хабарламау жағдайды ушықтырып барады. Жастар қылмыстық жауапкершілік туралы білмейді», — дейді мамандар.

Жаңа заң енгізіледі☝🏻

3️⃣ Алматыда қараусыз қалған мысықтар үшін арнайы үйшіктер орнатылып жатыр.

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға арналған үйшіктер орнатылуда. Бұл ретте Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарында қараусыз қалған жануарларға қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметі бойынша жоба «Animal Security» қоғамдық қорының бастамасымен Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп «Жануарлармен жауапты қарым-қатынас туралы» Заңды іске асыру аясында демеушілік қаржы есебінен іске асырылуда.

«Қараусыз қалған мысықтарға арналған баспана мысықтарды күтетін, тазалықты қамтамасыз ететін және дезинфекциялайтын тұрғындар арасында жауапты кураторлар болған кезде беріледі. Бүгінде Алматыда қоректендіргіштері бар 20 үйшік орнатылды, өндірісте тағы 50-ге жуығы бар. Мұндай үйшіктерде тұратын барлық мысықтар зарарсыздандырылған, паразиттерден тазартылған, сау және тұрғындар үшін қауіпсіз. Орнатылған үйшіктердің одан әрі тазалығы мен сақталуын жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қадағалауға міндеттенеді», — делінеді хабарламада.

Мұндай бастамаға қалай қарайсыз?🤔