Нұрқанат Өтешов, Жаңа мектеп, Генадий Головкин. 3-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Түркістан облысының полицейі Нұрқанат Өтешов қол күрестен әлем чемпионатында алтын иеленіп, жеңіске жетті.

Шілдеде Нидерланд мемлекетінің Роттердам қаласында полицейлер мен өртсөндірушілер арасында спорттық жарыс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа 97 мемлекеттен мықтылар қатысқан. Соның ішінде Түркістан облысы ПД, Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат Өтешов те бақ сынасты.

«Спортшы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат 90 келі салмақта армрестлинг бойынша күш сынап, берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жетті. Ол оң қолымен 5 қарсыласымен күресіп, бесеуін де жеңіп, алтын иеленді. Сол қолымен жүлделі ІІ орын алды», – делінген хабарламада.

Құттықтаймыз! Әлемдің деңгейдегі жеңістеріміз көп болғай! 🙌🏻🔥

2️⃣ Биыл жаңа оқу жылында елордада 6 мың орынды екі мектеп есігін айқара ашпақ. 😍👍

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы айтты.

Бұл – Е51, Е69, Е70 көшелерінде («Зам-Зам» тұрғын үй кешені, International School Of Nur-Sultan City) және Е-22, Тұран даңғылы аумағындағы мектептер. Білім ошақтары екі ауысымды деп жоспарланған.

«Жалпы үш жыл ішінде 34 мектеп салынып, бұл жаңа 70 мың оқу орнын ашуға мүмкіндік берді. Тағы да 11 мектептің құрылысы жүргізілуде» – деп хабарлады қаланың білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарма мәліметінше, білім ғимараттары қаланың барлық ауданында салынып жатыр. Мысалы, адам көп шоғырланған Есіл ауданында екі жыл ішінде 12 мектеп салынса, Алматы ауданында – жеті, Байқоңырда – төрт, Сарыарқада – екі.

3️⃣ Әлемнің үздік боксшылары тізімінде Геннадий Головкин сегізінші орында тұр. Ал мексикалық Сауль «Канело» Альварес бұл рейтингте көш бастап тұр.

BoxRec порталы салмақ дәрежеге қарамастан (Р4Р) тамыз айындағы әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады.
BoxRec ұсынған P4P рейтингі:
1. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
2. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
3. Дмитрий Бивол (Ресей)
4. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)
5. Александр Усык (Украина)
6. Кіші Эррол Спенс (АҚШ)
7. Наоя Иноуэ (Жапония)
8. Геннадий Головкин (Қазақстан)
9. Шакур Стивенсон (АҚШ)
10. Деонтей Уайлдер (АҚШ)