Нұрсипат Нұрманбетова, Димаш Құдайберген, Илон Маск. 28-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Қазан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің 18 метрлік муралы салынды.

Q88 қазақстандық урбанистер қауымдастығы Ақтөбеде көгалдандыру жобасын дайындады. Қауымдастық өкілі Алина Әбдірахманованың айтуынша, биыл қалада 10 мурал салынады. Әр туынды алдын ала келісіммен салынады. Соның бірі – Димаш Құдайбергеннің бейнесі. Бір қызығы Димаштың бейнесі қолына алғаш қалам ұстатқан ұстазының үйіне салынған.

«Қандай сәйкестік десеңізші… Мен тұратын үйге Димашымның суретін салған. Қарасаң көз тоймайды. Үйдің ішінде жүріп терезеге қарасаң Димаштың ең алғашқы муралын көремін. Ал енді жұмысқа шықсаң Димаш мені шығарып сап, келгенде күтіп тұрғандай. Димаш, жарайсың! Суретті салған суретшіге мың алғыс», – деп жазды ұстазы Клара Қажығалиева.

Тамаша!😍😍😍

2️⃣ Атыраулық оқушы Нұрсипат Нұрманбетова әлемнің ең үздік 15 университетінен шақырту алды.

Нұрсипат Абайқызы 2005 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Жылыой ауданы Далабай Жазықбаев атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің түлегі. Ол қазір АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы әлем бойынша ең үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына кіретін Пейс университетінің нейрохирургия медицина факультетінде оқиды. Нұрсипатқа кампуста тегін тұруға арналған грант және 150 000 $ стипендия тағайындалған. Оқушы кезінен көзге түскен Нұрсипат туралы «Ең үздік» журналында мақала жарияланып, «Дарындының дара жолы» кітабында өмірбаяндық деректері жазылған.

Сонымен қатар Нұрсипат БҰҰ Model Congress халықаралық конференциясына қатысып, «ХХІ ғасыр үздігінің моделі» атанған.

«Бүгінде әлеуметтік желілерде отандық медицинаны жиі сынға алады. Әрине, еліміздегі медицина мәселелері әлі де өзекті, білікті мамандар тапшы. Бірақ барлығы дұрысталады деп ойлаймын. Сондықтан болашақ мамандық ретінде осы саланы таңдадым. Мен жақсы білім мен тәжірибе алу үшін шетелде оқуға шешім қабылдадым. Оқуым аяқталғасын туған жеріме ораламын. Болашақта жеке клиника ашып, дұрыс диагноз қоя алатын, сапалы ем жүргізе алатын білікті маман болғым келеді», – дейді Нұрсипат.

Нұрсипат шетелде алған білімі мен тәжірибесін туған жерге келіп жүзеге асыруды жоспарлаған.

Білімді де зерек жастарымыз көп болсын!🔥🔥🔥

3️⃣ Илон Маск Twitter басшысы болды.

CNBC мәліметінше, бұрынғы басшылық қызметтегі бас директор Параг Агравал мен қаржы директоры Нед Сегал компанияның Сан-Францискодағы бас кеңсесінен кеткен.

Хабарламада әлеуметтік желіні басқаруды жаңа қожайыны қолға алғаны айтылған.
«Енді Маск Twitter басшысы», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Маск Twitter-ді сатып алып, штаб-пәтеріне қолжуғыш әкелген болатын.

Еске салайық, Маск Twitter-ді сатып алып, штаб-пәтеріне қолжуғыш әкелген болатын.📌