Назарбаев зияткерлік мектебі, Соңғы қоңырау, Қайырымдылық көмек. 25-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 мая, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

🟢 Нұр-Сұлтандағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 1032 оқушы домбырада ойнап, көашілікті тәнті етті. Енді олар Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Оны “Ең ауқымды домбыра сабағы” онлайн рекорды ретінде енгізу жоспарланып отыр.

🟢 Бүгін соңғы қоңырау оқу жылының 3 597 159 оқушысына соғылды. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

🔔 Бүгінгі күнді қалай өткіздің?

🟢 «Қазақстан халқы» қоры студенттер үшін білім беру гранттары түрінде қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасын әзірлейді. Аталмыш бағдарлама жаңа оқу жылының басында жүзеге асады.