Бивол, Сурдолимпиада, Фелькер. 8-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 мая, 2022


1️⃣ 🥊 Мексикалық Сауль «Канело» Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатында Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтті.

Ал сен ойынды тамашалай алдың ба?
Өз ойыңмен бөлісе отыр 👇🏻

2️⃣ Бразилияда өтіп жатқан XXIV жазғы Сурдолимпиада ойындарының алтыншы күнінде қазақстандық таеквондошылар қанжығыға тағы екі медаль байлады.

Нақтырақ айтсақ, Аян Абдраш пен Нұрдәулет Жақып қола медаль жеңіп алды.

3️⃣ 🏸 Қазақстандық жас теннисші Даниил Фелькер Душанбеде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен төртінші санаттағы ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды.