Назым Қызабай, Олимпиада, Странжа. 27-ші ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 Ақпан, 2022




1️⃣ Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан кіші әлем чемпионатында алтын алды. Осылайша боксшы “Странджа кубогы – 2022” халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Назым Қызайбайды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Ал сен боксшының ойынын көре алдың ба?

2️⃣ Қазақстан-Британ университеті 10-11 сынып оқушылары және колледж түлектері арасында пәндік олимпиада ұйымдастырып жатыр. Жеңімпаздар оқуға грант және жеңілдіктер ұтып ала алады. Тіркелу 13 наурызға дейін Olymp2022.kbtu.kz сайтында жүргізіледі.

Олай болса сен де ҚБТУ грантын ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алма! Сәттілік!

3️⃣ Бүгін Болгария астанасы Софияда өтетін Странджа кубогында Қазақстанның төрт боксшысы шаршы алаңға шығады. Олар: Махмуд Сабырхан, Дулат Бекбауов, Сағындық Тоғамбай және Валентина Хальзова.
Аталған сессияның жекпе-жектерінің басталуы елорда уақытымен 18:00-ге белгіленген. Ал кешкі сессия 22:00-де басталады.

Боксшыларымыздың ойынын тамашалауға дайынсың ба?