Neet, Спутник, Месси. 28-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанда ресми түрде Neet санатындағы жастар пайда болды.

ҚР Парламенті Мәжілісі жалпы отырыста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының қорытындысында атап өтілгендей, құжат мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген. Оның ішінде жұмыссыздардың – NEET жастарының – соның ішінде жұмыстан және білімнен тыс адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мүдделерін қорғауға бағытталған.

Заң жобасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, сондай-ақ «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

«Заң жобасында жастарды қолдау мен дамыту тетіктерін іске асыруға, жастарды дамытудың ұлттық және өңірлік деңгейін бағалауға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жастар саясаты саласында қабылдайтын шешімдерінің сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеуге бағытталған нормалар ұсынылған. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың NEET санатындағы (жұмыс істемейтін, оқумен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын және жұмыстан тыс) жастармен жұмысын жақсарту мақсатында заң жобасында осы терминді заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылады», – делінген қорытындыда.

Ал сен осы топқа жатасың ба?🤔

2️⃣ Месси аргентиналық қорғаушы Жерар Пике оның сапында ойнамайтын болса ғана “Барселонада” ойнауға дайын екенін жеткізді.

Месси мен Пикенің қарым-қатынасы соңғы жылдары қатты нашарлаған. Испандық БАҚ олар өткен маусымында бір-бірімен мүлдем сөйлеспегенін жарыса жазған болатын.

Айта кетейік, Месси осы маусымда ПСЖ сапында 11 ойында алты гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Жазда оның француздық клубпен келісімшарты аяқталады. Маусымның соңында ПСЖ-дан кетуге ниетті.

Қалай ойлайсың Месси орала ма?

3️⃣ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төменгі орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан нарығына Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud және т.б. сияқты ірі ойыншылар белсенді түрде тартылып жатқанын атап өтті.

«Халықтың 40 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұратын еліміз үшін барлық азаматты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе саналады. Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төменгі орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту жөніндегі жұмысты жандандыруы керек», – деп тапсырды Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық сессиясы кезінде.

Енді интернет барлық ауыл үшін қолжетімді болайын деп тұр.😍🙌🏻