Несие, Ұялы телефон, 3 мың АҚШ доллары. 1-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 сентября, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Грантқа ілікпегендерге жоғары оқу орындарында білім алуға 2-3 %-дық жеңілдетілген несие беріледі.

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Айтуынша, отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі.

«Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайыз аралығында болады. Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі», — деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Ол бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамда әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түсетінін атап өтті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Президенттің пікірінше, жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек.

Жақсы мүмкіндік болып тұр!🙌🏻

2️⃣ Ресейдің оқу-ағарту министрлігі мектепте оқушылардың ұялы телефон пайдалануына тыйым салды.

Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.

Тиісті талап жаңа санитарлық ережелер нормасына енгізілді.

Министр жалпыхалықтық ата-аналар жиналысында ұялы телефон балалардың білім алуына кедергі келтіретінін атап өтті. Сондай-ақ ол телефонның бала денсаулығына зиян екенін де алға тартты.
Оның айтуынша, төтенше жағдай туындай қалса оқушы ата-анасымен мұғалім арқылы байланыса алады.
Министрдің айтуынша, мектептерде электрондық оқулықтар мен дәптерлер де пайдаланылмайды.

Қалай ойлайсыз, бізге де осындай заң енгізу керек пе?🤔

3️⃣ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналатынын айтты.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.

«Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.
Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады», — деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Бүгін болған Президент жолдауын көре алдыңыз ба? 🙂