Никита Әбдірахманов, ТМД аруы-2022, Ахмет Байтұрсынов. 18-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Маусым, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық зілтемірші Никита Әбдірахманов жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы жұлқи көтеру сайысында 157 келіні бағындырып, серіппе көтеруден 191 келіні еңсерді.

Әбдірахманов екі сайыстың нәтижесі бойынша 348 келі жинап, алтыннан алқаны иеленді.

2️⃣ Қазақстандық қыз «ТМД аруы-2022» атанды. Диана Перханова Ереванда өткен «ТМД аруы-2022» байқауында бас жүлдеге ие болды. Сайыс 17 маусымда өткен болатын.

Екінші орын Грузиядан барған Эмми Мхитарянға бұйырса, үшінші орынды Эстон аруы Карина Низинкая иеленді.
Диана Перханова жылы шыраймен қарсы алған Арменияға алғысын білдірді. Сондай-ақ осы елдің мәдениеті, салт-дәстүрімен танысқанын айтып, өз сезімімен бөлісті.

Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Қостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың туып-өскен үйі бұзылды.

24 хабар телеарнасының мәліметінше, Халық ағартушының 150 жылдық мерейтойында кірпіш үйді қалпына келтіру туралы шешім қабылданған.