Нора Джеруто, ”Сары” аймақ, Оқушылар. 21-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандық Нора Джеруто Қазақстанға жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тұңғыш алтын медальін әперді.

26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кедергілермен 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальге ие болды, деп хабарлады Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы.

Ол межені 8:53.02 уақытта еңсерді.
Осы маусымда Нора Джеруто АҚШ-та Diamond League-тің қомақты кезеңінде жеңіске жеткен еді.
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатыр. Чемпионат 24 шілдеге дейін жалғасады.
Айта кетері, Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын.

Жеңіс құтты болсын!😍😍😍

2️⃣ Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтті.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы ВАК хабарлады.

21 шілдедегі жағдай бойынша:
* «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
* «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Вирустан сақтанып жүріңіздер!☝🏻🙌🏻

3️⃣ Қазақстандық оқушылар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында жазғы демалыста болады. Яғни, оқу жылы 31 мамырға дейін ұзарды.

Қазақстандық оқушылар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында жазғы демалыста болады. Бұл туралы министрлік мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, мамандар министрлікке оқу жылын маусымның соңына дейін ұзартып, оқу жылын 20 тамыздан бастау мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінген. Олар Қазақстанның әлемдегі ең ұзақ демалысы бар елдердің біріне кіретінін (130 күн), ал көптеген елдерде демалыс мерзімі 80-ден 100 күнге дейін созылатынын айтқан. Сонымен қатар, 5 күндік оқу аптасына көшкен кезде оқу күндерінің саны бірден 34 күнге қысқарды.

«Осылайша, орта есеппен алғанда, біздің еліміздегі оқу күндерінің жалпы саны шамамен 150 күн болса, дамыған елдерде бұл шамамен 200 күн. Сондай-ақ, мамандар қосымша оқу апталарының қосылуы күнделікті сабақтың санын, яғни мұғалімнің де, оқушының да күнделікті оқу жүктемесін азайтатынын атап өтті. Алты күндік көптеген мектеп жаңа талапқа сай бес күндік оқу аптасына ауыса алады. Бұл педагогтер жұмысының тиімділігін арттырып,  оқушылардың материалды меңгеруіне ықпал етеді. Бұл шешімдер күрделі тақырыптарды оқудың қарқынын төмендетеді, оқылған материалды қайталауға және бекітуге уақыт береді.
Бұл ретте өзгерістер жазғы демалысқа әсер етпейтінін түсіну маңызды. Яғни балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады», – деді министрлік өкілдері.

Заң қабылданды📌