Nur Alem, Жеңіл атлетика, Кредит. 1 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 Қаңтар, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бизнес ашқысы келетін жастарға 5 млн теңгеге дейін кредит беріледі.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Несие 21-ден 35 жасқа дейінгі жастарға беріледі.

Қаражат бизнес ашқысы келетін не кәсіпкерлікпен, оның ішінде тауар өндірумен немесе сатумен, жұмыс орындаумен және қызмет көрсетумен, жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндірумен айналысатын азаматтарға конкурстық негізде ұсынылады.
Шағын несиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі.
Сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды, займның ең жоғары сомасы – 5 млн теңгеге дейін, мерзімі – мал шаруашылығын есепке алмағанда, кез келген мақсаттар үшін 5 жылға дейін (7 жылға дейін).

Жалпы, бұл жобаға 2023 жылы 28 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл 5,7 мыңнан астам жастарды қамтуға мүмкіндік береді.

Керемет мүмкіндікті жіберіп алма!🔥👍

2️⃣ 3 қаңтарға дейін Nur Alem болашақ энергиясы мұражайына кіру 12 жасқа дейінгі балаларға тегін болады.

«QazExpoCongress» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елорданың көрікті жерлерінің бірі – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін 12 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұражай мереке күндері жаңа жұмыс кестесіне көшеді:
– 1 қаңтар сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін
– 2-8 қаңтар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.

Мұражай маңында ашық аспан астындағы мұзайдыны бар. Мұзайдынның ауданы – 1 300 шаршы метр. Бір сағаттық сеансқа конькиді жалға алу құны – 500 теңге, ал өз конькиімен келгендер тегін кіре алады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлме, қоғамдық тамақтану орындары және тәулік бойғы 3 мың көлікке арналған жерасты паркингі қарастырылған.

Мұзайдынның жұмыс кестесі:
– жұмыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін
– демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.

Ал, балаларға арналған сырғанақта өз баллондарымен сырғанай алады. Биіктігі – 5 метр, ұзындығы – 14 метрден асады. Сондай-ақ, тюбингілерді жалға беру пункті бар. 2 сағаттық сеансқа жалға алу құны – 1 000 теңге.
Балалар сырғанағының жұмыс кестесі:
– сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін.
Айта кетсек, 1-15 қаңтар аралығында EXPO кешеніне келушілер көліктерін паркингке тегін қоя алады.

Бұл музейге барып көрдің бе?😍

3️⃣ Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді.

Астана қаласында қаңтар айында жеңіл атлетикадан «Astana meeting world indoor tour» өтеді.

Аталған жарыс жабық кешенде өткізілетін жеңіл атлетика турнирінің беделін көтеру мақсатында қолға алынған. Ол жеңіл атлетика жарыстарына арналған «Гауһар лига» үлгісінде өткізіледі. Бұл серия бұрынғы «IAAF Indoor Permit Meetings» сериясын ауыстырды.

Өткен жылдан бастап турнирде жарыстың алтын, күміс және қола деңгейі енгізілді. «Astana Meeting» турнирі жарыстың күміс мәртебесіне ие болып отыр.

Дүбірлі додаға әлемнің көптеген елдерінен 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Олар жеңіл атлетиканың 12 түрінен сынға түседі.
Жарыстың әрбір түрі бойынша жүлде қоры – 4000 АҚШ доллары.
Турнир Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 23 қаңтарда өткізіледі.

Турнирге қатысатындар бар ма?📌