Қоғамдық қор, Олимпиада, Билли Джин Кинг. 1-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің 🔝-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

🔉 «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 378 миллион теңгеге 360 білім беру грантын бөледі.

Аталмыш грант тұрмысы нашар отбасыдан шыққан балаларға арналған. Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.

🔉 Мемлекет халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға бюджеттен 94 миллион теңге бөліп отыр. Сонымен қатар олимпиаданың топ жарып шыққан жүйріктеріне мемлекеттік жоғары оқу орнынан грант беріледі.

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.

Жақсы бастаманы қолға алып жатыр екен! Сәттілік!👏🏻

🔉 Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының рейтингінде 16-орыннан 9-орынға көтерілді.

Құрама Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша елдерінің командаларын алдыңғы орында тұр.

Құттықтаймыз! 💐💐💐