Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.
Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️
1️⃣ Қазақстанда жоғары оқу орындарының бағасы 18%-ға өсті.
Бұл ретте жоғары білім беру саласындағы барлық қызметтің 64 пайызы бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Қазақстанда бір жыл ішінде жоғары білімнің құны 18,1%-ға өсті. Наурыз айының қорытындысы бойынша мұндай мәліметтерді Energyprom.kz сарапшылары мәлімдеді.
Бұл ретте бағаның ең жоғары көрсеткіші Атырау облысында тіркелді. Онда жоғары оқу орындарының құны бір жыл ішінде 53,8%-ға өсті. Сонымее қатар алғашқы бестікке Қостанай (36,9%), Түркістан (31,5%), Ақтөбе (27,2%) және Ұлытау (27%) облыстары енді.
Бағаның ең аз өсімі Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелді: тиісінше 4,7%-ға, 6%-ға және 7,9%-ға.
Әрбір оқушыға грант бұйырсын!🤲🏻
2️⃣ Қазақстанда шілдеден бастап төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі.
Қазақстанда 2023 жылдың шілдесінен бастап төрт күндік жұмыс пайда болады. Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді, деп жазады Учет.kz.
Өзгерістер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізіледі.
Өзгерістерге сәйкес, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленетін толық емес жұмыс аптасы қарастырылған. Жекелеген өндірістерде әр түрлі апталарда бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын қатар белгілеу қажеттігі туындап отыр.
«Жұмыс уақыты режимі» деген 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады: «Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын кезектестіру құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат беріледі».
84-бапта төрт күндік жұмыс режимі кезіндегі демалыс күндері белгіленген.
«Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасы кезінде жексенбі ортақы демалыс күні болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді», — деп жазылған заңда.
Бұл ұсынысты қолдайсыз ба?🤔
3️⃣ Қазақстандықтар интернеттегі алаяқтарға 3 миллиард теңгеге алданды.
Қазақстанда үш айдың ішінде 4 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай мәлім етті.
Қазіргі уақытта Екібастұз қаласының тумасы жалған тон сатты деген күдікке ілінді. Оны Астана полициясы ұстады.
Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша киберқылмыспен күрес департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-алаяқтардың байланыс орталығын анықтады. Қылмыс жасады деген күдікпен Грузияның 24 азаматынан тұратын топ ұсталды.
«Шымкентте интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен тағы бір топ ұсталды. Оның қатысушылары – Тараз қаласының тұрғындары. Аталған тұлғалар «Health Time» фармацевтикалық компаниясының клиенттік базасын ұрлап, оның клиенттеріне телефон соғып, автокөлік ұтып алғаны туралы хабарлаған. Азаматтарға салықты төлеу ұсынылды, олар «1Xbet» букмекерлік компаниядағы шоттарға аударылды. 20 жәбірленушінің аты-жөні анықталды», — деді Сүйінбай.
Ол аталған фактілер бойынша тергеу жүріп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ спикер 18 сәуір мен 20 сәуір аралығында республика аумағында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған «Алаяқтыққа қарсы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілгенін қосты.
Сақ болыңыздар!☝🏻