Оқу жылы, Генадий Головкин, Демалыс. 20-шы шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстан мектептерінде оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін.

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылын ұзартуға арналған бұйрық жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Бұйрыққа сәйкес, оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 апта болса, 2-11 (12) сыныптарда 36 апта оқиды. Оқу жылы ішіндегі каникулдардың кезеңі де белгіленіп отыр. Олар:

күзгі каникул – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны – 6 қарашасы аралығында);

қысқы – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығында);

көктемгі – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығында);

1-сыныптарға қосымша каникул – 7 күн (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығында) беріледі.
Бұйрық жобасы орта білім беру ұйымдарында 2022–2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңін айқындайды.
«Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, «күрделі» тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді», – делінген жобада.

Сенің ойыңша дұрыс па?)🤔

2️⃣ Бүкіләлемдік бокс ұйымы Геннадий Головкинді қатардағы чемпион Эрисланда Ларамен кездесуге міндеттеді.

Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жекте ұтылса да, орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғай алады. Себебі Альвареске қарсы жекпе-жеке екінші орта салмақта өтеді. Ал Головкин WBA белбеуінен бас тартқан жағдайда Лара автоматты түрде суперчемпин атанады.

Ал бұл сында ол WBA Super атағын қорғауы тиіс.

Жеңіс тілейміз! ✊🏻✊🏻✊🏻

3️⃣ Қазақстандықтар биыл тамыз айында 9 күн демалады. Яғни, 22 жұмыс күні болады.

Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күн – мереке.
Үкіметтің «2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 27 тамыз сенбіден 29 тамыз дүйсенбісіне ауыстырылды.

Жаз аяқталуға таяп қалды.😶 Тамызға қандай жоспар бар?)