Оқу жылы, Гранттар, Үздік мұғалім. 30-шы маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 30 Маусым, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанда оқу жылын маусымның соңына дейін ұзарту ұсынылды.

Сарапшылар мен кейбір мектеп өкілдері Қазақстандағы оқу жылын маусымның соңына дейін ұзартуды ұсынды. Бұл туралы мамандар 2022-2023 жылдарға арналған білім беру процесін талқылауға арналған дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың сөзінше, қосымша оқу аптасын қосу күніне өтетін сабақ санын азайтуға, яғни оқушының күнделікті оқу жүктемесін азайтады. Одан бөлек, оқу жылын ұзарту күрделі тақырыптарды зерттеудің қарқындылығын төмендетеді. Сондай-ақ, жазғы демалыс ұзақтығын қысқарту білім алушылардың білімін жоғалту тәуекелін және мектеп аудиториялық қорына жүктемені төмендетеді.

Сен қалай қарайсың?🧐

2️⃣ “Birgemiz: Taza Alem” жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында КҚ “Әлеуметтік жобалар қоры” волонтерлік бағыттар бойынша шағын гранттар байқауын бастады.

Сен де қатысып үлгер!📌

3️⃣ Кадр тапшы өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту бағдарламасына құжат қабылдануда.

Елімізде кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік мұғалімдерді тартуға арналған арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр. Алғашқы аптада 800-ден астам мұғалім өтініш берді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.