Олимпиада, Бизнес идея, Көкпар. 12 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 сентября, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылар 5,5 млн теңгеден сыйақы алады

«Әлем бойынша ТОП-7 беделді олимпиадаларда жүлделі орын алған 26 қазақстандық оқушы қаржылай сыйақы алады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады», — деп жазылған хабарламада.

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларда 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль және бір диплом иеленді.

Бұл олимпиадалар:

IMO (математикадан),

IPhO (физикадан),

IBO (биологиядан),

IChO (химиядан), IOL (лингвистикадан),

IGeO (географиядан),

IOI (информатикадан).

Талантты оқушыларды қолдау мақсатында 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жүлделі орындарды иеленген оқушыларға және оларды дайындаған педагогтерге мемлекет тарапынан біржолғы сыйақы тағайындалған. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.
Ал алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 26,5 еселенген мөлшерінде; күміс медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 17,5 еселенген мөлшерінде; қола медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 8,5 еселенген мөлшерінде беріледі.

Сонымен қатар халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық ЖОО-ның кез келгеніне оқуға түсуге білім гранты беріледі. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады.

Оқушаларға тамаша мотивация👍

2️⃣ 9 мыңға жуық қазақстандық жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грантқа ие болды

Атап айтқанда, 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға берілуге тиіс 9 000 гранттың 8 941-і табысталды.

Қайтарымсыз грант:

мал шаруашылығына – 2 331,

өсімдік шаруашылығына – 101,

құрал-сайман, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 425,

технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 3 941,

орын жайды жалға алуға – 143 берілді.
Алушылардың санаты бойынша:

көпбалалы отбасылардың мүшелеріне – 5 646,

мүгедектігі бар адамдарға – 1 446,

мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға – 1 045,

атаулы әлеуметтік көмек алушыларға – 253,

асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға – 365,

қоныс аударушыларға – 151,

қандастарға – 35 грант берілді.

Үміткерлерден барлығы 30 мыңнан астам қабылданды.

«Өтінімдердің ең көп саны Түркістан (5,4 мың), Қызылорда (3,3 мың), Жамбыл (3 мың) облыстары мен Шымкент қаласының (2,4 мың), ал ең аз саны Ұлытау (221) және Қостанай (490) облыстарының үміткерлерінен келіп түсті», — деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Келесі жылы да 9 мың грант беру көзделген.

Бұл 2024 жылдың басынан бері есептегендегі көрсеткіш екен📌

3️⃣ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды

Спортшылар алтын медальді еншіледі.
Финалда біздің көкпаршыларымыз

Қырғызстан құрамасымен ойнады. Есеп 5:4.
Осылайша Қырғызстан екінші орын, Ресей үшінші орын иеленді.

Құтты болсын!🔥