Олимпиада, Мереке, Кітап. 17 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 Наурыз, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Қазақстандық 57 оқушы екі халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды.

Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары аяқталды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысып, 57 жүлдегер анықталды.

«Бұл халықаралық олимпиадалар қашықтықтан ұйымдастырылды. Қатысушы елдердің ұйымдастыру комитеттері тапсырмалардың шарттарын және бағалау критерийлерін халықаралық ұйымдастыру комитетінен алып, өз елдерінде олимпиадаларды бір уақытта дербес өткізді. Бұл формат көптеген оқушылардың халықаралық жарыстарға қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндік беріп отыр», – дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.

Құтты болсын!😍👏🏻

2️⃣ Астанада «Алаш зиялыларының соңғы сөзі» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Адамдар әрқашан ерекше толқуды бастан кешіріп, өмірдің соңғы минуты мен сәттеріне үлкен мән берген.

20 ғасырдағы қуғын-сүргін Қазақстанның зияткерлік элитасының тұтас бір әлемін талқандады. Билік – халқына қызмет етіп жүргендерді, озық идеясы бар жандарды, ұлттың гүлденуі мен болашағын ойлағандардың барлығын ойланбастан аяусыз түрде жойып жіберді. Олар өлімге қиылған соңғы сәттерінде не туралы ойлады? Не айтқысы келді? Ұлт зияткерлерінің ешқайсысы қарттықты көрмеді. Себебі өмірінің ең қызық шағында оларды азаптап, үйлеріне ешқашан оралмайтындай күйге түсірді.

Журналист әрі алаштанушы Мариям Әбсаттар құрастырған кітапта Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өмірінің соңғы сәттеріне қатысты қызықты деректер көрсетілген. Ұлттық академиялық кітапханада аталмыш кітаптың таныстырылымы өткен болатын. Соның бірі: “Бейімбет Майлинге шынайы достарының бірі қамауға алайын деп жатқанын ескертіп, оған қашып құтылу үшін бір түні қалғанын хабарлайды”.

“Мен қылмыскер сияқты қашып кетпеймін. Мен билікке қарсы шыққан жоқпын, қарапайым кедейдің баласымын”, – деп жауап берді Бейімбет Майлин.

Көп ұзамай азаматтық киімдегі адамдар оны іздеп келіп, қайтып келмейтін жерге алып кетеді”.

Кітапты міндетті түрде оқуға кеңес береміз!✔️

3️⃣ Қазақстанда енді Аналар және Әкелер күні мерекесі пайда болады.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған.

Құжатта Аналар күнін – мамырдың екінші жексенбісіне, Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу ұсынылған.
Қаулы түсіндірмесінде аталған мерекелік күндерді бекіту еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал ететіні жазылған.

«Мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді», – деп түсіндірме берілген қаулы-жобасына.

Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Керемет бастама сияқты.👍 Сен қалай ойлайсың?)