Олимпиада, Роналду, “Ақын” фильмі.21-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Қараша, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!👇🏻

1️⃣ Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

«Оқушыларымыз кезекті рет өте жоғары деңгей көрсетіп, алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды. Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті. Шымкент қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды», – деді министр.

World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы.

Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты. 
Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты.

Әлемдік ареналарды бағындыра берейік!😍👍

2️⃣ Роналду Instagram желісінде 500 миллионнан астам жазылушысы бар тарихтағы алғашқы адам.

Манчестер Юнайтед шабуылшысының 500 миллионнан астам жазылушысы бар. Роналду бұл көрсеткішке жеткен тарихтағы бірінші адам.

Әлеуметтік желідегі жазылушылардың саны бойынша екінші орында Лионель Месси – 372 миллионнан астам адам ПСЖ шабуылына жазылған.

Жаңа рекорд!🔥🔥🔥

3️⃣ «Ақын» фильмі Португалия кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды.

Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі 10-20 қараша аралығында Португалияда өткен Lisbon & Sintra Film Festival 2022 (LEFFEST) кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қатысуымен түсірілді.

«Ақын» фильмінде технологияның даму дәуірінде түсініксіз және маңызды емес адам болудан қорқатын ақын туралы баяндалады. Сценарий неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» әңгімесіне негізделген. Таспаның түсірілімі Алматы, Алматы облысының қалалары және Атырауда Махамбет Өтемісұлы кесенесінің жанында өтті. Басты кейіпкерді белгілі әнші және музыкант Ердос Қанаев сомдады», – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінен.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻