Олимпиада, Жаңа мереке, Теннисші. 25-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Халықаралық пән олимпиадасында оқушылар 21 медаль иеленді. Биыл тұңғыш рет президенттің қолдауының арқасында оқушылар 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды.

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгінгі күнге дейін оқушыларымыз 5 пәннен 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 13 күміс және 5 қола медаль бар. Яғни 23 қатысушының 21-і жүлделі орындарға ие болды. Бұл жерде ең беделді халықаралық олимпиадалар туралы айтып отырмыз», – деп жазды министр.

Айтуынша, биыл тұңғыш рет президенттің қолдауының арқасында оқушылар 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Одан бөлек ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсу мүмкіндігіне ие болды.

«Математикадан халықаралық олимпиадада (IMO) Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алды. Командамыз 174 ұпай жинап, еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы жаңа рекордын орнатты. Командалық есепте еліміз 17-орында, ал бұл – 12 жылдағы үздік көрсеткіш», – деген ведомство басшысы әр пән бойынша жетістіктерге тоқталды.

Физикадан халықаралық олимпиадада оқушылар 1 алтын, 4 күміс медаль иеленді. Бұл – соңғы 8 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Былтыр команданың қоржынына 5 күміс түскен болатын. Ал географиядан халықаралық олимпиадада оқушылар екінші жыл қатарынан алтын медаль жеңіп алды. Биыл да 1 қола медальға ие болды.

Білімді азаматтарымыз көбейе берсін!😍🙌🏻

2️⃣ Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі көрсеткіштері жоғарылады.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілер рейтингін жаңартты, деп хабарлады Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик екі саты төмен түсті, 41-ші орында тұр. Денис Евсеев «Президент Кубогының» финалына шыққаннан кейін 72-ші орынға көтерілді. 269-шы орынға жайғасып, ATP рейтингінде жеке рекорд орнатты. Бейбіт Жұқаев та жеке рекордын жаңарта алды, ол 394-ші орында. Дмитрий Попко (179-орын), Михаил Кукушкин (207-орын) және Тимофей Скатов (216-орын) та жоғары көтерілді.

Жұптық рейтингте Андрей Голубев 43-ші, ал Александр Недовесов 61-ші орында.
Қазақстан әйелдер құрамасының бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-ші орында қалды. Юлия Путинцева екі тармақтан айырылып, 41-ші орынға тұрақтады. Зарина Дияс – 245-ші, Жібек Құламбаева 21-ші тармаққа көтерілді, енді ол 488-ші, ал Гозаль Айнитдинова 561-ші.
Жұптық рейтингте Анна Данилина әлемдік рейтингте 23-ші орында.

Жақсы жаңалық екен! 🔥

3️⃣ Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады. Бірі Кәсіпкерлердің кәсіби мерекесі, екіншісі – Жарнама маманы күні.

Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкімет қаулысына өзгерістер әзірледі. Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Оған сәйкес, мерекелер тізімі екі датамен толығады: Қазақстан кәсіпкерлері күні – 9 қыркүйек және Жарнама маманы күні – 19 желтоқсан.
Қазақстанда 1,6 миллионнан аса шағын және орта бизнес субъектісі бар. Олардың барлығы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жатыр.

«Соңғы екі жыл әсіресе қиын болды. Пандемия қысқартуға, оңтайландыруға, басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр етті. Осыған байланысты жаңа мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күнін – 9 қыркүйекке бекіту ұсынылады. 2013 жылы осы күні Қазақстанның бүкіл бизнесін біріктіретін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы құрылтайшылардың бірлескен шешіміне қол қойылды», – делінген негіздемеде.

Тағы қандай мерекенің қосылғанын қалайсың?🤔