Омар Хайям: Күрес өмірге мағына береді

Автор: редактор 30 марта, 2023


📍Омар Хайям — парсы математигі, астроном, ақын. 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген. Жас кезінен жақсы отбасының тәрбиесінде болып, өлеңге жаны жақын болып өскен. Нишапурда жұмыс атқарып, сол кездің оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

📍Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Аталмыш кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған. Сонымен қатар көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға «теңдеу шешетін ғылым» деген анықтама берген.

📌 Ендеше бүгін назарларыңызға Омар Хайаямның өмірңізге өзгеріс енгізуге көмектесетін нақыл сөздерін ұсынамыз.

▪️Осы сәтте бақытты бол. Себебі бұл сәт — сенің өмірің.

▪️Адам деген — әлемнің анық бағы, 
Түсінер мұны олардың данышпаны.

▪️Көздер де сөйлейді. Қуаныштан күледі де, жылайды да. Көздермен естен адастыруға болады. Сөзбен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр.

▪️Біреуге риясыз сену — оның қолына өз еркіңмен өткір қанжар ұстатқанмен тең. Яғни, қанжармен ол сені қорғауы да, бауыздауы да мүмкін.

▪️Жұлынған гүл — сыйлануы тиіс. Жазыла басталған өлең — аяқталуы, ал сүйікті әйелің — бақытты болуы қажет. Бастапқы кезден олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамай-ақ қойғаның жөн.

▪️Маған адамның материалдық кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.

▪️Өмірді дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.

▪️Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.

▪️Адамның неден қайтыс болғаны маңызды емес. Оның не үшін өмірге келгені маңызды.

▪️Ойшыл жан жалғыздыққа бейім болып келеді.

▪️Бір терезеге екі адам қарады. Біреуі жаңбыр мен балшықты көрді.
Екіншісі жасыл жапырақ, көктем мен көк аспанды көрді.

▪️Күрес өмірге мағына береді.

▪️Адамға кір жаққанда, оған жетпеуі мүмкін. Бірақ ол сіздің қолыңызда қалатынын есте сақтаңыз.