Қонақүйлер, Қазақстан барысы, Дмитрий Попко. 3-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстанда қонақүйлердің статистикасы шықты. Демалушыларды күтіп алуға 3756 мекеме дайын.

Қазақстанда статистика бойынша көрсеткіш былай:
мейрамханасы бар қонақүй – 799
мейрамханасы жоқ қонақүй – 1408;
демалыс үйлері – 87;
демалыс пансионаты – 28;
балалар лагері – 111;
ауыл үйлері, коттедж және пәтерлер – 1099;
туристік база – 52;
кемпинг – 34;
хостел – 76.
Айта кетейік, Қазақстанда «5 жұлдызды» 26 қонақүй, «4 жұлдызды» – 58 қонақүй, ал «3 жұлдызды» – 47 орналасу мекені бар.

2️⃣ Бүгін елордада “Қазақстан барысы” турнирінде финалға екі балуан шықты. Олар Мақсат Исағабылов және Нұрдәулет Жарылғапов.

Спортшыларымызды құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Малага челленджер турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман – эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды.