Онлайн-жәрмеңке, Белла, Рахмонов пен Морозов. 21-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! 📌

1️⃣ Қазақстанның ірі жұмыс берушілері жастарға арналған алғашқы бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 18-35 жас аралығындағы Қазақстанның әрбір азаматы қатысуға құқылы.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ведомство хабарлауынша, 27-29 маусым күндері Электрондық еңбек биржасында қазақстандық компаниялардың HR-менеджерлері өз мекемесін таныстырады.

Тіркелу үшін порталдың басты бетіндегі жәрмеңке баннерін басып, өтінім беру керек. Онда жәрмеңкеге қатысу ережелерімен және бағдарламасымен танысуға болады.

Жұмыс іздеп жүрген таныстарың болса, сілтемемен бөлісе кет!✔️

2️⃣ 5 жастағы ұлыбританиялық Белла есімді қыз өзінің кітабын жазып, оны сатылымға шығарды. Осылайша ол Гиннес рекордтар кітабына енді.

Сонымен қатар кітап ішіндегі оқиғаға негізделген суреттерді де өзі салған.

Талантты бүлдіршін екен!😍👏🏻

3️⃣ Рахмонов пен Морозовтың UFC-дегі жекпе-жегі 26 маусым Лас-Вегаста өтетін болды.

Екі қазақстандық файтер – Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов UFC Vegas 57 турниріне қатысады.

Шара астана уақыты бойынша 05:00-де басталады. Қазіргі уақытта 12 жекпе-жек жоспарланған.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! 🙌🏻🔥