Оператор, Акция, Димаш. 15 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Ақпан, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Димаш Құдайберген БҰҰ көші-қон агенттігінің аймақтық ізгі ниетті елшісі болды.

15 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын хабарлады.

Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген ХКҰ-ның аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды.

ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді.

ХБҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылған.

Құтты болсын!🔥👍


2️⃣ Ұлттық банк Air Astana акцияларын зейнетақы жинақтары есебінен 25 млрд теңгеге сатып алды.

Қазақстан Республикасының ұлттық банкі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарыесебінен Air Astana акцияларын бастапқы орналастыруға (IPO) қатысып жатыр.

«14 ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге Air Astana-ныңжай акциялары сатып алынды”, – делінген хабарламада.

Air Astana-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны –23 168 975 дана, бұл шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-ын құрады.

Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақ мерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді.

Ал сіз Air Astana акциясын сатып алдыңыз ба?🤔

3️⃣ Tele2 және Altel ұялы байланыс операторларын қатарлықтар иеленуі мүмкін.

«Самұрық-Қазына» қоры, «Қазақтелеком» және қатарлық Power International holding WLL арасында келісімге қол қойылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының Telegram каналында хабарланды.

Холдинг «Қазақтелекомнан» «Мобайл Телеком-Сервис» (Теле2 және Алтел)компаниясын сатып алуды жоспарлап отыр.

«Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін операторлардың бірі сатылатыны туралы ақпарат тарағанына біраз уақыт болды, бірақ бұл мәселе бойынша нақты шешім әлі жарияланған жоқ.

Осы жылдың 20 қаңтарында Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ын сату туралы шешім қабылданды, ал кеше Қатарда «Қазақтелеком», «Самұрық-Қазына» және Power International Holding қол қойылған келісім аясында «МТ-С» капиталындағы 100% үлесті сату бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл шарттары туралы келісім жасады.
Құжатқа сәйкес, PIH оператордың бизнес профилін және қызметкерлерін сақтап қалуға, компанияны қайта сатпауға немесе сенімгерлік басқаруға бермеуге міндеттенеді.

«Біз жуырда келіссөзжүргізуге кірістік, әрине, бүгінгі келісім тек Power International Holding-пен мәміле жасау туралы ниетімізді айқындайды. Болашақта сату және сатып алудың барлық шарты мен тәртібін талқылап, бекіту қажет болады, сондықтан нақты цифрлар мен мәміле сомасы туралы айтуға әлі ерте», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

📱 Бұған не дейсіздер?) Жаңа компания иеленсе, біршама өзгеріс орын алатын шығар.