Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ «Айбын» орденіне Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және Қошқарбаевтың есімдері берілді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына түзетулер енгізілді.
Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған. Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Тамаша!👍
2️⃣ Жеңіл атлеттеріміз Азия чемпионатынан төрт медаль жеңіп алды.
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар спортшылар 4 медаль жеңіп алды.
ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мәлім еткендей, кеше Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол 1 метр 76 сантиметр көрсеткішпен өзінің жеке рекордын жаңартты.
Ал бүгін сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина да ел қоржынына күміс жүлде сыйлады. Соынмен қатар тағы бір отандасымыз Иван Сенин онсайыстан үздік үштікке енді.
Сондай-ақ, 400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола жүлдеге қол жеткізді.
Құтты болсын!😍👏🏻
3️⃣ Қазақстан «Болашақ ойындарын» 2026 жылға шегерді.
Ведомство бұрын-соңды болмаған су тасқынына байланысты Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үнемделген қаражатты зардаптарды жоюға және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге жұмсау үшін имидж қалыптастыруға бағытталған және басқа да ірі іс-шаралардан бас тартуды тапсырғанын еске салды.
Туризм министрлігі хабарлағандай, Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге кететін шығындарды оңтайландыруды тапсырды.
«Сонымен қатар Қазақстан Республикасында «Болашақ ойындары» көпспортты халықаралық турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады ведомстводағылар.
Еске салайық, ақпан айында Тоқаев Татарстанның Қазан қаласында өткен «Болашақ ойындарына» барған кезде Қазақстанда келесі көпспортты турнир өтетінін мәлімдеді.
Ойындар цифрлық және классикалық спортты біріктіретін іс-шараға біздің елден 13 спорт түрі бойынша 48 қазақстандық қатысты.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлім етті.📌