Қорым, Камера, Тенис. 14-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Абай облысында сақ қолбасшысының қорымы табылды

Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің археологтары Аягөз ауданы Бозай ауылы маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатып сақ қолбасшысының қорымын тапты.

Қолбасшы осыдан 700-2600 жыл бұрын өмір сүрген болуы мүмкін. Сақ қорғанының диаметрі шамамен 30 метрді құрайды.

Ғажайып деп осыны айт!😍😍😍

2️⃣ Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстардың чемпионы атанды

Душанбе қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors турнирінде Виталий Зацепин абсолютті жеңімпаз болды.

Қарағандылық теннисші жекелей сында финалда ресейлік Максим Гончаровты ойсырата ұтты – 6:2, 6:1. Ал жұптық сында сингапурлық Максимус Вонгпен бірге финалда ресейліктер Мират Аминев – Карим Газизовты тізе бүктірді – 6:2, 6:1.

Жеңіс құтты болсын, Қазақстан!🇰🇿🇰🇿🇰🇿👏👏👏

3️⃣ Алматыда көлік нөмірі мен адамның бет-әлпетін анық көрсететін камералар орнатылады

Алматыда адам көп жиналатын орындарға бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу ережелері әзірленді.

Айта кетейік, Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі – қала бойынша бейнекескіндерді жинау, өңдеу мен сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы.

Қызық екен, иә?!🤔🤔🤔👍👍👍