Қостанай әуежайы, Шавкат Рахманов, IPO. 28-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Үкімет қаулысымен Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.

Ал бұған дейін Орал әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілген еді.

Ахмет Байтұрсынов – қазақтың қоғам және саяси қайраткері, ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист.

Керемет!😍

2️⃣ Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа енді.

Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады.

Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2022 жылы IPO-ға шығатынын мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акциялары биыл AIX және KASE алаңдарында орналастырылады. «Самұрық-Қазына» мен ҚМГ бұл үшін жетекші қазақстандық инвестициялық банктерді тартты», – делінген хабарламада.

«Самұрық-Қазына» барлық қазақстандық үшін IPO-ны қолжетімді етіп, бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.