ОСЫ АПТА КИНОТЕАТРЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Автор: редактор 03 марта, 2023


✅»Әкім Әйел» отбасылық комедиясы. Ауыл әкiмiн сайлау кезiнде, бәсекеге түсетін бақа адамдар табылмайды. Осылайша әкiм өзімен бірге еден жуушы әйелді де тіркеп қояды. Ал әкімді жақтырмайтын ауыл тұрғандары — әдейі еден жуушы әйелге дауыс береді. Осылайша күтпеген сенсация орын алып, еден жуушы әйел — ауыл әкімі болып тағайындалады. Басты рөлдерде: Нұргүл Мыңғатова, Қылышбек Қасымбеков, Адель Оразалинова, Ербол Садырбаев, Дәулет Нұразханов.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=poIZp5RfvTM


✅»Крид 3″ спорттық драмасы. Кридтің балалық шақтағы досы және бокстың бұрынғы вундеркинді — Дэмиан «Дама» Андерсон түрмеде ұзақ уақыт жазасын өтеп келеді. Осылайша бостандыққа шығып, өзінің қабілетін дәлелдеу үшін рингке шығуды жоспарлайды. Есеп айырысу үшін Донни өзінің болашағын қатерге тігуіне тура келеді. Себебі Дэмианның жоғалтатын ештеңесі жоқ. Басты рөлдерде: Майкл Б. Джордан, Тесса Томпсон, Джонатан Майорс.
Жас рейтингі: 16+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=R2I57XC_6O4

✅ «Сын» драмасы. Нью-Йорк. Питердің жаңа серігі — Бетпен және оның кішкентай баласымен қарым-қатынасы дұрыс емес болып жүреді. Жығылғанға жұдырық болғанда осы сәтте оның бұрынғы әйелі жасөспірім ұлы Николаспен үйіне оралады. Осылайша жағдай ушыға түседі. Өйткені оның туған ұлы — мазасыз, ызақор, ашушаң болады. Сол себепті мектепте тәртібіне байланысты шағымдар көп түсетін еді. Ал Питер ұлына отбасындағы бақытты сәттерді көрсетіп, жақсы әке болып, көмектесуге тырысады. Бірақ Николастың жағдайы отбасына қауіп төндіреді. Басты рөлдерде: Хью Джекман, Энтони Хопкинс. Жас рейтингі: 18+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=BieaHbRp0Bc

✅ «Взломщик» боевигі. Грэм Миллер кез келген есіктен өтіп, кез келген құлыпты ашып, ең сенімді сейфті босата алады. Ол — данышпан крекер. Бірақ мұндай кәсіпқойлардың да жолы бола бермейді. Бір күні Грэм түрмеге түсіп қалады. Мұнда жер асты әлемімен мәңгілікке байланып, отбасына тезірек баруға бел буады. Нәтижесінде үйіне мүлдем басқа адам болып оралады. Басты рөлдерде: Райан Филипп, Кейт Босворт.
Жас рейтингі: 16+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=G08qp2IqPow

✅»Винни-Пух: Кровь и мёд» қорқынышты фильмі. Бір топ қыз демалыс күндері Стоакр орманына келеді. Алайда қуаныштары көпке созылмайды. Себебі үйлеріне қанішер құбыжық басып кірген кезден бастап, олардың демалыстары аяқталады. Винни мен Пятак Кристофер Робиннің сатқындығына төтеп бере алмайды. Олар адамдарға деген сенімі мен сүйіспеншілігін жоғалтып, ормандағы барлық тіршілік иесін жоюға кіріседі. Басты рөлдерде: Крейг Дэвид Даусетт, Мария Тейлор.
Жас рейтингі: 18+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=9BqNyhVvsnk

✅»Ину-о: Рождение легенды» анимесі. Ину-Ох туған кезінде қарғысқа ұшырайды. Өмірінің алғашқы күнінен бастап, қатты шошып қалған үлкендер оның денесін шүберекпен жауып, бетперде тағып, жасыруға тырысады. Бірақ бір күні оны күтпеген тосынсый күтеді. Себебі соқыр музыканттың әнін естіген Ину-О би кезінде жер бетіндегі ең әдемі жаратылысқа айналуға мүмкіндік беретін керемет дарынды табады. Ал қарғыстан құтылу үшін Ину-О өзінің қорқынышымен бетпе-бет келуі керек. Аңыздар осылай туады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=IZnEg3m2Cac