Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 10 Қараша, 2023


🎬»Научи меня жить» комедиясы. Табысты кәсіпкер өзінің өмірін құтқарып қалған жас даяшыға мықты тәлімгер болады. Басты рөлдерде: Ақан Сатаев, Еркебұлан Тоқтар, Гайдар Гильманов, Әсел Сағатова, Жан Байжанбаев, Гүлназ Жоланова, Нұрсауле Әубәкірова, Сергей Уфимцев.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=EpSgpdn_MYI

🎬»Капитан Марвел 2″ фантастикасы. Кэрол Дэнверс Кри тирандары алып кеткен жоғалған бейнесін қалпына келтіреді және Жоғарғы Барлаудан кек алады. Алайда ол күтпеген жерден ғаламның бар ауыртпалығын өз мойнына алуына тура келеді. Кэрол Кри революциясына апаратын құрт саңылауынан өткенде, күші Камала Хан және Моника Рамбонамен бірігеді. Олар өз кезегінде әлемді құтқару үшін бірге әрекет етеді. Басты рөлдерде: Бри Ларсон, Сэмюэл Л. Джексон. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=4uudFoHiSmA

🎬»Катастрофа» триллері. Бүкіл әлемде тіршілік иелерін жойып жіберетін қышқыл жаңбыр жауады. Ал он бес жастағы Селма мен оның ата-анасы ажал құштыратын апаттың ортасында қалады. Олар аталмыш қауіптен құтылып, ақырзаманнан аман өту үшін бар күшін біріктіруі керек. Басты рөлдерде: Гийом Кане, Летиция Дош. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=YqnDZfG24zA

🎬»Нефариус» триллері. Бірнеше адамның өліміне себепші болған қылмыскерге өлім жазасына кесілген күні дәрігер психиатриялық сараптама жүргізу үшін түрмеге келеді. Алайда қанішер жын болғандықтан, өле алмайтынын жеткізеді. Ал психиатр кетер алдында үш кісіні өлтіреді. Басты рөлдерде: Джордан Балфи, Шон Патрик Фланери. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=pTrRNkJUvzw  

🎬»Крылатая история» мультфильмі. Патрик – өте ерекше көбелек. Ол ақылды әрі өте тапқыр. Оның өмірдегі басты арманы кез келген бір шытырман оқиғаға тап болу. Оның бала кезінен тек бір қанаты болады. Сол себепті ұшуды ешқашан үйреніп көрмеген. Ал бұл арманын жүзеге асыру үшін Патрик әртүрлі айла-амалды қолданып, адал және көңілді достардың көмегіне жүгінуі қажет. Ол бұл ниетінен үміт үзбейді. Аспанда қалықтап, әлемді шарлау үшін барлығына тойтарыс беріп, қорқынышын жеңеді. 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=S5HG_Rn3r88

🎬»Форсажики» мультфильмі. Динозавр Слоан – көлік жарысын ұнататын қарапайым жігіт. Бірақ әкесі Даг ұлының жарыс жүргізушісі болғанын қаламайды. Өйткені ол да кезінде чемпион болған. Алайда оны сол кезде қазргі жарыс командасына иелік ететін опасыз қарсыласы Шрам сатып кетеді. Ал Слоанның әкесіне арналған бір идеясы бар. Ол әділ жарыста Шрамды жеңіп, әкесіне тиесілі титулды қайтаруды шешеді.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LPr-xDUxmoc