Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 17 Қараша, 2023


 

🎬»Жар-Жар» комедиясы. Орта деңгейдегі отбасынан шыққан Әли есімді қарапайым жігіт ауқатты шенеуніктің қызы Асылға үйлену туралы ұсыныс жасайды. Асыл Әлиді жақсы көргендіктен оған келісімін береді. Оның ата-анасы да қызының таңдауына сыйластықпен қарап, ұзату тойын жоғары деңгейде жасап береді. Әлидің ата-анасы бұл оқиғаға қатты таңғалады. Осылайша олар да үйлену тойын керемет өткізуге шешім қабылдайды.  Алайда олардың бұл тілегін орындауға қаржылық мүмкіндіктері жетпегенімен, Асылдың ата-анасының алдында абыройларын сақтап қалу үшін түрлі айла-амал жасауларына тура келеді. Басты рөлдерде: Нышанбек Жұбанбаев, Нұргүл Мыңғатова, Қайрат Әділгерей, Ляла Сұлтанқызы, Сара Амангелді, Тұрар Ыдырыс, Тәуелсіздік Мүслім, Қайрат Нұртас, Гүлзира Айдарбекова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=U7t10_rn4os

 

🎬»Тор» психологиялық драмасы. Басты рольдегі кейіпкер қауіпсіздік деңгейі жоғары изоляторға түседі. Ол мұндай жағдайдың неден туындағанын және қандай әрекетпен түрмеге түскенін есіне түсіре алмайды. Камерада ол оқиғаның мән-жайын баяндап беруге келіскен тұтқынмен кездеседі. Алайда бір күні ол із-түзсіз жоғалып кетеді. Тұтқын бақылаушымен байланыс орнатып, не болғанын білуге ​​тырысады. Ол шындықтың түбіне жете ала ма? Өз дегеніне қол жеткізу үшін оған изолятордағы қатаң режим мен сыртқы әлеммен байланыстың болмауы қиындық әкеледі. Басты рөлдерде: Назар Шархан, Жандос Айбасов, Сергей Уфимцев, Мақсат Сәбитов, Рафаэль Мұхамеджанов, Азамат Шарғын. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Ap0z-6Q8wtA

🎬»Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах» фантастикасы. Жас Кориолан Сноу Панэмнің деспоттық президенті болғанға дейін соғыстан кейінгі Капитолийдің соңғы үміті болады. Себебі бір кездері ұлы әулет болған мекен бұл кезеңде құлдырап жатқан еді. Отбасына бұрынғы ұлылығын қайтару үшін қыз бәрін жасайды.  Басты рөлдерде: Рейчел Зеглер, Том Блит. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=MNBHdsMPvIY  

🎬»Нандор Фодор и говорящий мангуст» фантастикалық драмасы. Қарапайым британдық Ирвингтер отбасы Мэн аралындағы фермасында олармен жұмбақ тіршілік иесі Джефф есімді сөйлейтін мангус байланысқа шыққанын айтады. Парапсихолог Нандор Фодор өз тергеуін бастайды. Басты рөлдерде: Саймон Пегг, Минни Драйвер.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dnVFe9Wz74A  

🎬 » Астрал. Сомния» қорқынышты фильмі. Ковид індеті. Барлығы оқшауланған. Жүйкелері жұқарған. Моник досы Мэвистің қиын жағдайға тап болғанын білгенде, карантин тәртібін бұзып, оны құтқаруға асығады. Бірақ жағдай оңайға соқпайды. Мәселе, мәжбүрлі жалғыздық немесе жұқпалы вируста емес.Мэвис арман мен шындық араласып жатқан қорқыныштарға бой алдырады. Басты рөлдерде: Стефани Рот Хаберли, Эмили Дэвис. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=A_mG8PCQWDc

🎬»Супермозг» мультфильмі. Норман – қарапайым мектеп оқушысы. Ол жат ғаламшарлықтар туралы комикстерге қызығады және жерден тыс өркениеттердің бар екеніне сенеді.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=RCCGVhjX_zA