Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 24 Қараша, 2023


🎬«Арғымақ. Небесные кони» спорттық комедиясы. Сюжеттің басты кейіпкері – Мұхтар есімді бұрынғы футболшы. Бала кезінде ол ауыр психологиялық жарақат алады. Ағасы әйгілі “Пахтакор” футбол клубында ойнап жүріп, 1979 жылы бүкіл командамен ұшақ апатынан қайтыс болады. Осы қайғылы оқиғадан кейін Мұхтар футболды жек көріп, өзін толықтай жоғалтып алады… Қырық жыл өткеннен кейін ол балалар футбол клубының жаттықтырушысы болып тағайындалады. Клубты жергілікті қылмыстық билік ақшаны қалталарына басу үшін құрады. Командаға балалар үйінің жігіттері алынады. Алғашында Мұхтар амалсыздан бапкер болуға келіскендіктен, тиіп-қашып жұмыс істейді. Бірақ кейін балалардың жетістікке деген ұмтылысын көріп, ол өзгере бастайды. Осылайша оның өмірінде мақсат пайда болады. Ал балалардың үлкен арман жолында құлшыныстары артады. Олардың ортақ миссиясы – Бразилияда өтетін футбол чемпионатында жеңіске жету. Басты рөлдерде: Дулыға Ақмолда, Рүстем Жаныаманов, Салтанат Серкебаева, Ержан Түсіпов, Мырза Махамбет, Ербол Әлмұхан, Азат Жұмаділ.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=VTiCElKpiq4

🎬«Пацанский кипиш» комедиясы. Санжик – ауданның қарапайым баласы. Ол мектеп кезінен ғашық болған арудың назарын аудару үшін өзінің жалған туған күніне орай керемет кеш ұйымдастырады. Басты рөлдерде: Әли Жарасұлы, Ұлан Қайраласов, Ілияс Жапаров, Шәріп Серік, Алмагүл Қазихан-Сағындық. Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=vew8UMlzY_Y

🎬«Наполеон» тарихи драмасы. Фильм Ұлы француз императоры Наполеон Бонапарттың мансаптық жолда өсуі мен құлдырауы туралы эпикалық әрекетке негізделген. Аты аңызға айналған Ридли Скоттаның фильмінде Бонапарттың билікке жетудегі қиын жолы баяндалады. Сонымен қатар оның жалғыз шынайы махаббаты Джозефинамен құбылмалы қарым-қатынасы және бұрын-соңды болмаған ауқымды шайқас көріністері көрсетілген. Басты рөлдерде: Хоакин Феникс, Ванесса Кирби. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=vEBzNxPeXAU

🎬«Дикое сердце» комедиясы. 11 жастағы Энни жаңа қалаға көшіп келеді. Бұл кезде оның достары жоқ еді. Көп ұзамай оның өмірінде жүрегі мейірімге толы адал досы жабайы жылқы кездеседі. Қыз бен жануар арасындағы байланыс өте берік болды. Бірақ браконьерлер Эннидің жаңа досын ұрлап кетеді. Енді ол сыныптастарының көмегіне жүгініп, сүйікті жануарын қылмыскерлердің қолынан құтқаруы қажет. Басты рөлдерде: Марта Хаберланд, Дитер Халлерворден.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7iOFQkRj-so

 

🎬 » Кто не спрятался…» қорқынышты фильмі. Рождестволық демалыс кезінде Саманта мен Клара есімді екі студент жатақханада жалғыз қалады. Мұнда олар шақырылмаған қонақтардың қоршауына алынады. Енді студенттер түннен аман шығуы керек. Басты рөлдерде: Мена Массуд, Оливия Уэльс. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=j4Xxm5dUP34

🎬«Заветное желание» мультфильмі. Басты кейіпкер Аша – өте тапқыр идеалист. Ол кез келген арманын шын жүрегімен тілегендіктен, оның тілегіне “Жұлдыз” деп аталатын ғарыш күші де жауап береді. Енді Аша мен Жұлдыз бірігіп Розастың билеушісі Магнифико патшасына қарсы тұруы қажет. Осы сәтте Аша Жұлдыздың сиқыры мен қандай да бір ержүрек адамның күші бірігетін болса, таңғажайып оқиға орын алатынын дәлелдейді.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=OKSLmjLs6hw