Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 01 декабря, 2023


🎬»Украсть свои деньги» комедиясы. Қаржы пирамидасының негізін қалаушы Азамат алаяқтығы үшін бірнеше жылға сотталады. Бірақ оған дейін оның мүлкі мен жоғары көлемде ақша жасырылған үйі тәркіленеді. Азамат бостандыққа шыққан соң бұрынғы үйіне қайтып, ақшасын ұрлаудан басқа амалы қалмайды. Алайда оның үйінде күнге және жақсы көңіл күйге табынатын секта пайда болады. Енді ол күлімдеген қоғамның адал жақтаушысы болуға мәжбүр. Басты рөлдерде: Данияр Алшинов, Дулыға Ақмолда, Динара Бақтыбаева, Қылышбек Қасымбеков, Жадыра Алтаева, Ғалымбек Оспанов, Біржан Чопбаев, Дамели Бектұрсынова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=bKR5JoG6lFQ

🎬»Лаборатория счастья» комедиясы. Анара — жалғызбасты, мансапшыл әрі  табысты ару. Енді ол жеке өміріне көңіл бөліп, оны жақсартуға тырысады. Өмірлік серігін іздестіру барысында ол түрлі қиындыққа тап болады. Осылайша арнайы мамандардың көмегіне жүгінуіне тура келеді. Мінсіз жігіттерді шығаратын зертхана оған өзі қалаған адамды жасап шығаруды ұсынады. Барлық әдіс-тәсілді қолданып көргеннен кейін, Анараның үміті үзіледі. Ендеше мансапшыл ару өз адамын тауып, бақытты ғұмыр кеше ала ма? Басты рөлдерде: Жанель Мақажан, Әбунасыр Серіков, Дәурен Айдарқұлов, Жандос Айбасов.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=et1o-zIrkvc

🎬»Немая ярость» боевигі. Қарақшыларды ұстау барысында кездейсоқ оқтан бақытты бір отбасы   кішкентай ұлынан, ал әкесі дауысынан  айырылады. Бір жыл үздіксіз дайындықтан кейін баланың әкесі кез келген атыс, төбелес немесе қоян-қолтық ұрыста барлығын ойсырата жеңетін, жаулардың қорқынышты түсіне айналады. Қайғылы оқиғаның бір жыл толуына байланысты ол қан жұтқызған жауларынан кек алуды жоспарлайды. Енді оның сөзі емес, әрекеті сөйлейді. Басты рөлдерде: Юэль Киннаман, Каталина Сандино Морено. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=g73x_BJvKro

🎬»Дворец» комедиясы. 31 желтоқсан 1999 жыл. Швейцарияның люкс қонақ үйінде бас қосқан миллионер қонақтарькөптен күткен Жаңа жыл мерекесіне дайындалуда. Алайда алда байлар мен атақты адамдарды қыңырлық пен қызыққа, олардың оғаш қылығына толы түн күтіп тұр. Басты рөлдерде: Мики Рурк, Александр Петров. Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=mNOXfRi2UyI

🎬»Шопоголики» комедиясы. Альберт пен Бруно — шопоголиктер. Бірақ олар мұны мойындағысы келмейді. Екеуі арзан несиеге құмар. Себебі бұл әлемдегі барлық затты сатып алуға өте ыңғайлы. Бірақ ерте ме, кеш пе, әрбір шопоголиктің несие берушілер тарапынан дағдарысқа ұшырайтын уақыты болады. Бұл кезде түбіне түсіп қараған дұрыс. Ал олардың таңдауы экологиялық белсенділер тобына түседі. Онда достарының айтуынша, тегін сыраға, қытырлықтар мен махаббатқа қарық болуға болады. Өкінішке қарай, достар бір нәрсені ескермейді. Яғни, махаббат сыраға қарағанда, оңайлықпен жібермейді. 

Басты рөлдерде: Пио Мармай, Джонатан Коэн. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=qjGQQQrQl3w

🎬»Китти киллер» комедиялық экшн-фильмі. «Котята» — өте күрделі әрі лас жұмыстарға жүгінетін әйел өлтірушілер ұйымы. Алайда жұмбақ агенттіктің кураторлары Кенганың тәлімгеріне опасыздық жасап, оның орнына Чарлиді қояды. Басты рөлдерде: Плойпайлин Тхангпрапапорн, Денхун Нгамнет. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=THXny6h01HE

🎬»Паранормальные явления: Другое измерение» қорқынышты фильмі. Қалалық қорқынышты оқиғаларға негізделген ойын әзірлеушілер тобы тылсым құбылыстары бар үйде жаңа өнімді сынауды шешеді. Аңыз бойынша, жергілікті елестер шақырылмаған қонақтарды басқа өлшемге бұрып, оларды шексіз лабиринтте алдайды деп топшыланады. Басты рөлдерде: Джей.Си. Лин, Чжан Нин. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=23B3SZ0PdCM

🎬»Пропавшие в ноч» қорқынышты фильміШағын қала шерифі — қатыгездікпен адам өлтіруші. Бір күні оған жұмбақ әйел келіп, оның жасаған қылмыстарына қатысты әңгіме бастайды. Басты рөлдерде: Мередит Луиза Томас, Джил Обри. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6RBNU9dS9D0