Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 08 декабря, 2023


🎬»Сен Воѕѕың» комедиясы. Бүкіл ғұмырын еңбек жолына арнаған Раушан Қанатқызы 20 жыл еңбек еткеннен кейін бас директор лауазымына көтерілуді қалайды. Алайда басшылық бұл қызметке күтпеген жерден Қарлығаш есімді жас әрі білікті маманды тағайындайды. Ол Раушанның келіні болып шығады. Осылайша жұмыста Қарлығаш бастық болса, үйдегі билік Раушанның қолында болады. Басты рөлдерде: Лаура Мырзахметова, Салтанат Серкебаева, Еламан Есентаев, Әділжан Шомбалов, Нұрдәулет Шертім, Медет Жаңабай, Сымбат Қасымова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Mp6BwhVFN18

🎬»Миллионға келістік» комедиясы. Фобиясы жоғары әрі жалғызбасты Бауыр есімді кәсіпкер банкротқа ұшырап, тергеуге түспеу үшін Шығыс Қазақстанға қашады. Оның алдында екі таңдау болады. Біріншісі инвестордың қызына үйлену болса, екіншісі өзіне қол жұмсау. Бірақ ойламаған жерден кәсіпкердің трагедияға толы өмірі фарс пен комедияға айналып, тағдыр оның жоспарларын өзгертіп жібереді. Бауырдың бұл тығырықтан шығып, жоғалған құндылықтарын қалпына келтіруге миллион долларлық келісімшарт үлкен көмегін тигізеді. Осылайша кәсіпкер отбасына, бұрынғы махаббатына және берілген уәделеріне қайта оралады. Басты рөлдерде: Марина Сүлейменова, Сырым Қашқабаев, Азамат Нығманов, Айнұр Ниязова, Дәулет Әбдіғапаров, Дана Есеева, тәукел Мүсілім, мақсат Таусар, әдем Жынысбекова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ZDoYg0dIP4o

 

🎬»Astana — не простая история» мелодрамасы. Жас жұбайлар ата-аналарын бір-бірімен таныстыруға шешім қабылдайды. Кездесу барысында екі жақтың ата-анасы бұрыннан таныс адамдар болып шығады. Өкінішке қарай, олар бір-бірін ұнатпайды. Бұл мәселені шешу үшін жастар Астананың қалыптасу кезеңінің өткеніне оралып, шын мәнінде не болғанын анықтайды. Басты рөлдерде: Ясин Варол, Алуа Аскат, Сергей Потаскуев, Әлия Уразакова, Ги Омаров, Расул Шарафеддинов, Эльмира Табулова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=G1EFgkXDYt4

🎬»Ёлки 10″ комедиясы. Жаңа жыл қарсаңында ғажайыпқа сенуді доғарсаңыз да, оның күтпеген жерден тосынсыйы дайын тұруы мүмкін. Мәселен, Санкт-Петербург іргесіндегі қарттар үйінде өмірін өткізіп жатқан Геннадийч сол күні нағыз отбасын кезіктіреді. Блогерлік жолын енді бастаған Тюмендік Лариса күйеуінің жақындары үшін не істеуге дайын екенін білгісі келеді. Ал татарстандық Марина — күйеуі үшін маңызды нәрселерді жақсы көруді үйренеді. Новгородтық геймер қыз Таня болса шынайы махаббаттың ойын емес екенін түсінеді. Нәтижесінде жылдың ең сиқырлы түнінде әркім өзінің жеке бақытын табуға мүмкіндік алады. Басты рөлдерде: Галина поляк, Филипп Киркоров.  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=jSZoIg_okvg

🎬» Кто не спрятался…» қорқынышты фильмі. Рождество мерекесіне орай кампуста бірнеше студент жалғыз қалады. Олар үшін алдағы мереке келеңсіз жайттарға толы болады. Әсіресе бұзақылар тобы сол жерге табан тірегенде бұл қорқынышты түске айналады.

Басты рөлдерде: Мена Массуд, Оливия Уэльс. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=j4Xxm5dUP34

🎬»Мальчик и птица» анимесі. Мохито анасын қатты сағынып, басқа әлемге қауіпті саяхат жасауға шешім қабылдайды. Бала бұл әрекеті арқылы өмірдің жаңа кезеңін бастайды. Фильм достық, өмір, оның аяқталуы және басталуы туралы қызықты анимациялық қиялға толы.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Db5EBCY3Oec

🎬»Большое маленькое приключение» мультфильмі. Арманы асқақ Дон Кихот жай ғана ойыншық болғанына қарамастан, әрдайым үлкен шытырман оқиғаларға тап болады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=VuDTbcIPvho

🎬»Волшебное приключение Да Винчи» мультфильмі. Суретші әрі  өнертапқыш Леонардо Италиядан Францияға көшеді. Мұнда ол қуатты машиналар мен ұшатын машиналардың механизмдерін ойлап тауып, адам денесі мен оның мүмкіндіктерін зерттеп, жаңа тәжірибе жасауға мүмкіндік алады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=EtJkaUFK9Xs